Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрама есептер

03 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Құрама есептер
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Ой - өрісін кеңейту; ойлау қабілеттерін арттыру. Есепті шапшаң шығаруға үйрету.
3. Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекіліктері: Плакаттар, бағалау фишкалары

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 - 2 мин)
А) Оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.(5 - 7 мин)
Тест жұмыстары
1. Амалдарды орында
30+5= --------------- 43 - 5=
47 - 5= -------------- 26 - 14=
14+18= ------------- 14+26=
2.
3 дм + 7 дм = …дм…м
3 онд.+7 онд.=... онд.=... жузд.
3. Шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін тап.

4. Тіктөртбұрыш пішінді жер қоршалды. Егер ол жердің ұзындығы 5 м, ені 4 м болса, неше метр қоршау керек?

5. Бірінші орамда 7 м, екіншісінде 5 м мата бар. 4 м мата сатылды. Неше метр мата қалды?
Психологиялық кезең
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Жаңа сабақ
А) Жаңа сабақты түсіндіру.
«Тігінші 3 тұтқыш тікті, содан соң тағы 8 тұтқыш тікті. Ол барлығы неше тұтқыш тікті?».
Тақтаға қысқаша жазылады.
Тікті - 3 т. және 8 т.
Барлығы -? т.
Ары қарай есепті қандай амалмен шығару керектігі түсіндіріледі.
- Ары қарай осы есепті жалғастырып көрейік. Тігіншіде барлығы... болды. Барлығы неше тұтқыш тіккенін қазір ғана білдік (11). Сонымен тігіншіде 11 тұтқыш болды, 4 тұтқышты ол сыйлады. Тігіншіде неше тұтқыш қалды?
Тақтаға есеп қысқаша жазылады.
Болғаны -...
Сыйлады - 4 т.
Қалды -? т.
- Бұл есепті қалай шығаруға болады?
- Бұл екі есептен қалай бір есеп құрастыруға болатынын көрейік.
Тақтада жазу:
Тікті - 3 т. және 8 т.
Сыйлады — 4 т.
Қалды -? т.
- Жаңа құрастырылған есепті оқыңдар.

Ә) Оқулықпен, интерактивті тақтамен, дәптермен жұмыс.
№1 Интерактивті тақтамен жұмыс.
К - 7
Ж - 4
7+4=11
Ж.: Зоодүкенде барлығы 11 тотықұс бар.
К - 7
Ж - 4
1к - 5 сатылды
(7+4)- 5=6
Зоодүкенде 6 тотықұс қалды.
№2 Жәй тақтамен жұмыс.
1 о - 7 м
2о - 5 м
7+5=12
Ж: Екі орада 12 метр мата бар.

№3 Өздік жұмыс
Ө. т - 14 10 кем
Е. т -?
14 - 10=4
Ж: Айманда ертегі жазылған 4 таспа бар.
№4. «Кім жылдам?» ойыны арқылы шығарту
12 -(9+1) --------------- 100 -(50+20) -------------- (80 - 30)+6
7+(11 - 5) --------------- 60+(10 - 5) --------------- 94 -(70+20)
(4+9)- 10 --------------- (90+10)- 60 --------------- (76 - 6)+8
(16 - 8)+10 ------------- 90 -(10+60) --------------- (54 - 4)+40
№5 Электрондық оқулықпен жұмыс.
№6 Тақтамен жұмыс
Әр санға жұп таңдай отырып, қатарды жалғастыр.

4. Сергіту сәті.
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.

5. Сабақты бекіту
«Шеңбердегі мысалдар» ойыны. Мұғалім балаларға шеңбердегі мысалдарды құрастыру қағидасын түсіндіреді. Тақтаға алғашқы компоненті берілген мысалдар жазылады (мысалы, 12 - 10, 2 + 7, 9 - 2, 7 + 10, 17 - 5). Ары қарай оқушылар өз беттерінше мысалдар тізбегін жалғастырады.
Жаңа материалды енгізуге дайындық үшін мынадай жұмыс ұйымдастырылады: тақтаға математикалық тапсырмалардың әр түрлері (өрнектер, теңдеулер, теңсіздіктер, теңдіктер, есептер) жазылады.
7 + 10 = 17
9 + а = 10
а + 3
6>3
8 2
4 + 2 > 4
10 – а = 2
5 + 4 = 9
6 + 4
Тосап қайнату үшін жемістер сатып алынды. 5 кг жеміс қайнатылды. 3 кг жеміс қалды. Неше килограмм жеміс сатып алынды?
10 сәбіз тазалау керек. Қыз бала 4 сәбізді тазалады. Тазаланбаған неше сәбіз қалды?
- Тақтада қандай тапсырмалар жазылған? Есептерді ғана тап және оқы. Есептерді ауызша шығар. Есептердің басқа тапсырмалардан қандай айырмашылығы бар? (Есептің шарты, сұрағы, шешуі болады. Барлық есептер мәтін түрінде беріледі).
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
17 609
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Натурал сандар туралы түсініктерін, тарихи ой - өрістерін кеңейту; Логикалық ойлау, зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру; пәнге деген белсенді танымдық қызығушылықты дамыту.
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар. Оқушыларға жай сандар және құрама сандар тақырыбын тереңірек меңгерту үшін есептер шығарып үйрету. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×