Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Д. Әбілев. Туған тілім

08 мам 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Д. Әбілев. Туған тілім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға СТО әдістері арқылы өлеңнің мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
2. Сөздік қорын молайту, еркін өз пікірін ашық, еркін айта алатын тұлға дамыту.
3. Ұжыммен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан оқыту технологиясының әдістері
Көрнекілігі: Д. Әбілев суреті, сюжетті суреттер, жекелеген сөздер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой ашар» стратегиясы
К. Ахметованың «Астана» өлеңін мәнерлетіп оқыту.
Үй тапсырмасын бекіту: «Ой шақыру» стратегиясы
- Астана туралы кім не біледі?
Астана біздің Отанымыздың жүрегі. Ал енді Отан деген сөздің не екенін сендер жақсы білесіңдер.
III Қызығушылықты ояту.
М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін еске түсірейік
- Осы өлеңдегі ақынның қасиетті тіл дегені қай тіл?
- Қазақ тілі.
- Қазақ тілі біздің қандай тіліміз болып есептеледі? (бала жауабы).
...... – ана тілім ..... – мемлекеттік тіл
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында бекіткен.Сондықтан әрбір қазақ азаматы қазақ тілін білуі керек.

« Тіл» деген ұғымды кім қалай түсінеді? әдебиет жүрегі
........байлығымыз мәдениетіміз.......
.......ұлттығымыз намысымыз......
......арымыз.

IV. Мағынаны тану.
Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)
Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.

«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы)
Бабам – үлкен ата далам - туған жер
Оқушыларға оқыту. (Іштей, дауыстап топпен)

V Сергіту сәті:
VI Ой толғаныс «Жинақтау тәсілі»
1 топ. Тіл туралы мақал-мәтел құрастыру
2 топ Тіл туралы өлең шығару
3 топ Эссе жазу
4 топ «Туған тіл» орнына «қазақ тілі» сөзін қойып, өлеңді мәнерлеп оқу.

Бекіту:
Оқушылар, біз Тәуелсіз егеменді ел болғанымызға 20 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіліміз. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз бен ата дәстүріміз.
VII. Бағалау:
VIII. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.
8 919
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Үш бақытым. М.Мақатаев
Үш бақытым. М.Мақатаев
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ақжар негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Акимова Раиса Касимовна
Үш бақытым. Туған тілім
Үш бақытым. Туған тілім
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдушова Балғаным Жалғасқызы
«Туған тілім» Дихан Әбілев
«Туған тілім» Дихан Әбілев
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №51 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макпал Бегасилова
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×