Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»

09 қыркүйек 2018, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ: Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Оқу мақсаттары/ күтілетін нәтиже: Барлығы (А, В, С)
- Өлеңді оқиды, түсінеді.
Көпшілігі (А, В)
- Туған жер, Отан туралы ойын салыстырады, қорытындылайды.
Кейбіреуі (А)
- Туған жер, Отан ұғымдарының мағынасының айырмашылығын салыстырып айта алады, өз ойын шығармашылық жұмыс арқылы өлең жолдарын салыстырмалы түрде дәлелдейді. Өз ойын жүйелі түрде қағаз бетіне түсіреді.
Тілдік мақсаттар
(тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым)
Оқушылар:
- логикалық ойлау қабілеттерін, мәнерлеп оқу дағдысын дамытады;
- шығармашылық белсенділіктерін шыңдайды;
- өлең мазмұнын талдай алады;
- туған жердің адам өміріндегі маңызды рөл алатынын талдай алады;
- теңеулер, мысалдар келтіре алады.
- топпен жұмыс жасау, бір - бірінің пікірін дамытуға үйрене алады.

Кіріспе 5 мин
Тұсау кесер 5 мин
Сәлемдесу
Психологиялық сәт «Ыстық алақан»
«Кезектескен интервью» стр.
Әр топ оқушылары бір - біріне сұрақ қояды.

Негізгі бөлім 25 мин
Дәптермен жұмыс
«Миға шабуыл» әдісі арқылы бейнеролик көрсету.
Автор туралы слайд көрсету.
Әр топты екі шумақтан дауыстап оқыту.
«Үлгілік ағаш» ақынның нені сүйетінін жазу.
Дәптерге күнді, тақырыпты және ақынның «сүйемін» сөзінің талдауларын теріп жазу ұсынылады.

Сергіту сәті. Дене мүшелерімен сандарды жазу
«Кубизм» стр.
1. Ізгі тілек
2. Екі өлеңнен де ұқсас жолдарды тауып оқу.
3. «Менің Отаным» шағын эссе.
4. Отанымның болашағына қосар үлесім
«Ойлан тап» салыстыру
Екі өлеңдегі екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін сызба бойынша салыстыру.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы,
Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің ІІІ деңгей бағдарламасын оқыған
бастауыш сынып мұғалімі Сақабаева Салтанат Сағындыққызы
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным». жүктеу
1 720
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашық сабақ Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңі
Ашық сабақ Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңі
Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан – жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Бастауыш сынып мұғалімі: Досанова Гульмаржан
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтбаева Алия
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай!»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×