Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады. Тапсырмаларға 2 топ кезекпен жауап береді. Егер жауап берген топтың жауабы дұрыс емес болса, қарсы топ дұрыс жауабын білсе жауап беріп ұпайын өздеріне қосып алуларына болады.
1. «Жұлдыздар» тобы
2. «Күндер» тобы
3. «Айлар»
1 – кезең.
Өнер қуған балалар өтер дейміз
Бір басына білімі жетер дейміз
Сайысқа келген оқушылар кезектесіп
Сұрақтарға жауап берсе екен дейміз, – деп сайыстың бірінші Кім жылдам? кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде математика пәнінен 2 – топқа жеке – жеке 5 сұрақтан қойылады.
2 – кезең.
Жанарың ойлы болсын
Білімің молдау болсын,
Ортадан қолдау көрсін
Еліңнің көңілі толсын, - деп кезекті «Кім көп біледі?» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде дүниетану пәнінен құралған «Сөзжұмбақ» шешуді ұсынып отырмыз.(Сөзжұмбақ әр топтың алдына беріледі)
3 – кезең
Ал, балалар сайысқа қалайсыңдар,
Сіз өтер әлі де талай сын бар
«Зерделінің ойы озық»деген сөз бар
Ұйқасты дәл тапсаңдар жарайсыздар! – деп сайысымыздың үшінші «Ұйқасын, тап!» кезеңіне береміз.
4 – кезең
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата - ана үмітін
Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп, - деп сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз. «Сиқырлы сөздер» кезеңінде оқушылар берілген әріптерден сөздер шығару керек.
5 – кезең
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайысқа керек екен, – деп «Мақалдар сайысы».
6 – кезең
Шопан, биші, ұстазда
Ғарышкерде, аспазда.
Барлық, барлық жақсыда
Әріптерден басталған, - дей отырып келесі кезекті «Дыбыстар әлеміне» береміз. Әр топтың алдына кеспе әріптер беріледі. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып тиісті үйшікке салу керек. Қай топ бірінші тапсырманы орындап болса, сол топ тақтаға шығып берілген сөзге сөйлем құрау керек.
Ән құсын ұялатып жүрегіне,
Ұшырсын балдәурен жас ұлы еліне.
Бүгінгі жастарымыз Мәншүк құсап,
Айналсын елдің берік тірегіне!

Өнер мен білімнің биігіне шыққан
Көбейсін білімділер әрбір тұстан
Ата салт дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз жасай берсін Қазақстан! – деп бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар! Көріскенше күн нұрлы болсын!
Бағалау парағы
20 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар
Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Озық ойлы дарындылар
Озық ойлы дарындылар
Атырау қаласы, №6 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Динара Тастемірова Ерболқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×