Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар!

07 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: " Тапқыр достар" сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өзгенің ойын тыңдау, сыйлау дағдыларын қалыптастырып, жан - жақты болуға, өзін - өзі дамытуға ынталандыру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс: Сайысқа 2 топ қатысады. Оқушыларға сайыстың шарты түсіндіріледі. Топтармен танысып, қай топ сайысты бастайтынын анықтау.
ІІІ. Сайыс кезеңдеріндегі тапсырмалар:
1. Жорға
2. Кім көп біледі?
3. Ойлан - тап;
4. Сиқырлы сөздер;
5. Құрастыру
6. Түсіп қалған әріптер;
7. Бинго
8. Қай ертегіден үзінді?
ІV. Қорытынды.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
- Құрметті достар! Ақыл көпке жеткізеді. Өнер көкке жеткізеді.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»- дейді.
Балалар, бұл – жолбасы, даналыққа
Келіңдер түсіп байқап қаралықта
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес, жарық кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалықта. – деп Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқандай, ешкімнен кем болмай, ешнәрседен қалып қоймай өз білімімізді мына отырған халыққа көрсетейік.

«Тапқыр достар» атты сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса сайысымызды бастаймыз. 1 «б» сынып оқушыларынан құралған топтармен танысайық.
1. «Білімділер» тобы
2. «Алғырлар» тобы
Әр кезең бойынша әділ бағасын беріп отыратын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
-----------------------------
Сайыстың шартымен таныс болыңыздар:

Тапсырма шешімін жылдам тауып, жауап беру арқылы ұпай жинау. Сайыс 8 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады. Тапсырмаларға 2 топ кезекпен жауап береді. Егер жауап берген топтың жауабы дұрыс емес болса, қарсы топ дұрыс жауабын білсе жауап беріп ұпайын өздеріне қосып алуларына болады.
Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы деп ұлы Абай айтқандай сырты күміс, іші алтын сөздерімен 2 топ өздерін таныстырып өтсе.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Білімді мыңды жығады
Білімді мыңды жығады
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Оспанбекова Гулназира Курумбайқызы
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×