Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты: 1) Білімділігі: Сан есім туралы білімдерін еске түсіре отырып, сан есімді терең меңгерту;
2) Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, тілін, ойын дамыту, білім сапасын арттыру;
3) Тәрбиелігі: Бір - бірін тыңдай білуге, ұжыммен жұмыс жасай білуге, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ, зерттеу сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, ой шақыру, тест жұмыстары.
Көрнекі құралдар: слайдтар, ребус, жазба плакат, үнтаспа.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сақтайық қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»
Есесіне бар сыйлық - дей отырып, сабақтың мақсатын, оқушылардың алдына қойған мақсаты мен таныстыру.
- Балалар, бүгінгі сабақ ұстаздарымызға арналады. Сондықтан«Ұстаз» атты сызба жасап, оған ұстазды сипаттайтын сөздерді жазып тұрайық.
Ол үшін бізге бірнеше тапсырмалар беріледі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Сөз таптарын қайталау.
ә) Ережелерін сұрау
б) Мысал келтіру.
- Қазіргі жұмыстарыңа ұстаздар да риза болып отыр. Сендерге сол білімді кім береді? ( Ұстаз)
- Дұрыс, олай болса, ұстаздардың өздері де қандай? ( Білімді )
Сол ұстаздан алған білімімізді әрі қарай жалғастырайық.
Сөз жұмбақ жасыру арқылы бүгінгі тақырыптың атын шығару.
1. Бір қолда неше саусақ?
2. «Қ» қандай дауыссыз дыбыс?
3. Аптаның жетінші күні?
4. Т. Мұсабаев қазақстандық нешінші ғарышкер?
5. Күнде оқитын намаз нешеу?
6. Адамда қанша бауыр бар?
7. 999 – дан кейінгі сан?

Жаңа сабаққа дайындық: Өзімізге шолу.
1. Бүгінгі күн туралы не білеміз?
- Сәуірдің 19 - ы, 2010 жыл, аптаның 1ші күні, дүйсенбі.
2. Мектебің қалай аталады?
- Астана қаласы № 45 орта мектеп.
3. Өз сыныбың туралы не айтқың келеді?
- 2 «А» сыныбында оқимыз, сыныпта 21 оқушы, 10 ұл бала, 11 қыз бала.
4. Ұстазыңның аты - жөні кім?
- Амиржанова Махсут Жақанқызы.
Ал енді балалар, сендердің аналарың әкелген жемістерін, тәттілерін сақтап сендерге беріп жүреді. Сол сияқты ұстаздарыңда алдын - ала сабақтарға дайындалып, көптеген қызықты тапсырмалар дайындап отырады.
Бұл ұстаздың сендерге деген несі? – қамқорлығы.
Олай болса, «Қамқоршы» деген сөзді жазайық.
Жаңа сабақ: Сан есім туралы білімдерін әрі қарай сынап көрейік.

Ол үшін 1 - жаттығуды орындайық.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Бір таңбалы: сегіз, бес, жеті, төрт.
Екі таңбалы: жиырма бір, жетпіс жеті, он, он тоғыз.
- Балалар, біз зерттеу жұмысымызды ұмытып кетпейік.
Мұғалімге оқушылармен сыртта жүру оңай ма? Қандай қасиет керек?
- Ұстамдылық. (Ұстамды )
Енді сурет бойынша жұмыс, ол үшін 2 - жаттығуға назар аударайық.
Құрастырған әңгімеде сан есім болуы тиіс.
Арман бесінші автобусқа мінді. Ол орындыққа отырды. Осы кезде автобусқа Айман әже немересімен кірді. Арман өз орынын ұсынды. Айман әже оған алғыс айтты. Ішінде адам көп еді.

Үйге тапсырма алып қояйық: 3 - жаттығу түсіндіріледі.
- Ал балалар, мұғалімнің өзі үшін, өз отбасы үшін уақыты өте аз екен.
Бала оқыту өте қиын іс. Сонда да шыдап, табанды еңбек етіп келе жатқан
ұстаздарды қандай дейміз?
- ( Еңбекқор)

4 - жаттығу. Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру. (ауызша)
Қос – екі – қанша?
Сергіту жаттығуын жасату.
Ауыз әдебиетіне шолу жасайық. Ол үшін мына слайдтағы тапсырманы орындайық. Сонда нелер жататынын білеміз. Сан есімді тауып сұрақ қою.
- Ұстаз бала үшін кім екен? - « Ақылшы».
5 - жаттығу. Ребусты шеш.
Ұстаз қандай?
……………………..

Зерттеу жұмысының нәтижесі осындай болды.
Қорытындыны тест жүргізу арқылы аяқтау.
Тест арқылы бағалау:
1. Сан есімнің сұрақтарын тап:
а) Қандай? Қай?
ә) Қанша? Неше? Нешінші?
2. Сан есімді көрсет?
а) Он
ә) Оң
3. Нешінші? – деген сұраққа жауап беретін сөзді тап?
а) Жетпіс жеті
ә) Жетінші
4. Нешеу? сұрағына жауап беретін сөзді көрсет?
а) Бесінші
ә) Бесеу
5. Реттік сан есімді тап?
а) Алтыншы
ә) Алпыс алты.
5 303
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Зат есімді қайталаймыз
Зат есімді қайталаймыз
Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×