Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буылтық құрттар. Шұбалшаң

18 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Биология
7 сынып
Сабақтың аты: Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты: Оқушыларға буылтық құрттардың көптүрлігі, шұбалшаң мысалында олардың мекен ету ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы, қозғалуы, асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы туралы ақпараттар беру; топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өзін - өзі және сыныптасын бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар буылтық құрттардың көптүрлігі, шұбалшаң мысалында олардың мекен ету ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы, қозғалуы, асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы туралы білетін болады; топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады, өзін - өзі және сыныптасын бағалауға үйренеді.
Негізгі идеялар: Шұбалшаңның сыртқы, ішкі құрылыстарын біле отырып, жануарлар дүниесінің біртіндеп күрделенуін ұғыну
Тапсырмалар: Жұптық жұмыс «Жауынқұрт» Шағын жұмыс тобының тәжірибесі
Тапсырмалар: Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2 - 3 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. «Биологиялық диктант»

Биологиялық диктант
1. Жұмыр құрттардың денесі ____________ симметриялы
2. ______________ денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер.
3. ________ суды ішкенде адамдар ауруды көбірек жұқтырады.
4. Жұмыр құрттардың денесінде алғаш қуыс пайда болғандықтан ___________ деп те атайды.
5. Сиыр цепенінің көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі _____________________ деп аталады.
6. Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары - ______________________, ал дернәсілдік ұрпақтары _____________________ мекендейді.
7. Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне ________ орнығады.
8. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы _______ деп аталады.
9. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған жіңішке құрт _________ деп аталады
10. Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың басым бөлігі ____________ құрттар.

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Жауын құрттың тіршілігі» бейнеролик көру.
Талқылау үшін сұрақтар беріледі:
Неге тип буылтық құрттар деп аталады?
Оларға қандай жәндіктер жатады?

ІҮ. Жұптық жұмыс «Жауын құрт» (бағалау критерийлерін (өлшемдері) айқындау): Жауын құртттың пайдасы мен зиянын айтып, екі бағбан айтысып жатыр. Біреуі жауын құрттың топыраққа, қала берді онда өсетін дақылдарға пайдасын айтса, екіншісі құрттардың бақша дақылдарының тамыртүйнектерін, пиязшықтарын тамыржемістерін жеп, зиян келтіретінін айтады.
Қай бағбанның айтқаны дұрыс?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 599
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Панорамалық сабақ: Ұлулар типі
Панорамалық сабақ: Ұлулар типі
Оқушылардың білім білік дағдысын қалыптастыру. Ұлулар туралы білімдерін тереңірек жетілдіру.
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып Биология 7 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама
Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама
Көпжасушалылардың өкілдері - жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту. Кірпікшелі құрттар класына жататын өкілі - ақ сұламаның тіршілігі, құрылысымен, тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
Шұбалшаңның биогеоценоздағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Шұбалшаңның биогеоценоздағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Тыныс алуы. Көбеюі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×