Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама

26 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама
Мақсаты: 1. Көпжасушалылардың өкілдері - жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту. Кірпікшелі құрттар класына жататын өкілі - ақ сұламаның тіршілігі, құрылысымен, тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін, өз ойын еркін жеткізу, өздігінен іздену, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Қосымша материалдарды пайдаланып ізденуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: биологиялық диктант, оқулықпен жұмыс
Көрнекілігі: Суреттер, кесте, слайд
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой қозғау» бөлімі
1. Сынақ сұрақтары
1. Ішекқуыстыларға қандай жәндіктер жатады?
2. Ішекқуыстылардың денесі неше қабаттан тұрады?
3. Ішекқуысты жәндіктер типі неше класқа жіктеледі? Оларды атаңыздар.
4. Ішекқуыстылардың дернәсілі қалай аталады?
5. Регенерация дегеніміз не?
6. Ішекқуыстыларда қорғаныш және қорегін аулау қызметін атқаратын жасушалары туралы баяндаңыз.
7. Медуза қалай көбейеді?
2. Биологиялық диктант.
1. Латын тілінен аударғанда "планула" - (жалпақ) деген мағынаны білдіреді.
2. Ішекқуыстыларда (атпа) жасушалары қорғаныш және қорегін аулау қызметін атқарады.
3. (Лас) суды ішкенде адамдар ауруды көбірек жұқтырады.
4. Көпаяқтыларды (полиптер) деп те атайды.
5. Гидра қорегін аулау үшін (атпа жасушаларын) пайдаланады.
6. Ішекқуыстылар аузының айналасында (қармалауыштары) болады.
7. Медуза пішіні (қолшатыр) немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алады.
8. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы (ұрықтану) деп аталады.
9. Жойылған дене бөлігінің қайта қалпына келуі (регенерация) деп аталады.
10. Сцифоидтар (грекше "сцифос" - табақша) деген мағынаны білдіреді.
Биологиялық диктанттағы жасырын сөздердің алдыңғы әріптерін қосса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы – Жалпақ құрттар
Біз бүгінге дейін құрттар туралы «не білемін» кестесін толтырамыз.
Құрттар пайдалы ма, зиянды ма?
Құрттардың табиғаттағы маңызы неде?
Паразит құрттардың ағза есебінен тіршілік етуі туралы не білесіңдер?
Неліктен құрттар ауру тудырады? Кім кінәлі?
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

ІІ. «Мағынаны тану» бөлімі
І. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөліп тапсырмалар беру
1 - топ. Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстыру, жалпақ құрттардың жіктелуі.

1.
2. Венн диаграммасы
Ішек қуыстылар
Ұқсастығы
Жалпақ құрт

2 - топ. Жалпақ құрттардың тіршілігіндегі ерекшеліктерін суреттеу арқылы талдау
1. Ақ сұламаның сыртқы көрінісі
2. Денесінің көлденең кесіндісі
3. Ас қорыту жүйесі
4. Тыныс алуы
5. Зәр шығаруы
6. Жүйке жүйесі
7. Жыныс жүйесі
3 – топ. Жалпақ құрттар класының ерекшелігін сипаттайтын 10 тест құрастыру.

ІІ. Білімді қорыту және жүйелеу.
Құрттың денесі созылыңқы, жалпақ, сол себепті жалпақ құрттар деп аталады. Гельминтология - паразит құрттар туралы ғылым.
Тіршілік ортасы: су және тірі ағзалар, себебі дайын қорекке, көбеюге бейімделген.
Дене құрылысы: 1. Эктодерма (сыртқы)
2. Энтодерма (ішкі)
3. Мезодерма (ортаңғы)
Қоректенуі. Ауыз - жұтқыншақ - ішек, себебі, жұтқыншақ арқылы қорегін сорып ішек қуысында қорытады.
Тыныс алуы. Бүкіл денесімен тыныс алады. Себебі тыныс алу мүшелері болмайды.
Зәр шығару жүйесі. Қарапайым түтікше, денесіне жиналған сұйық заттарды бөліп шығарады.
Жүйке жүйесі - жүйке түйіні, себебі денесін бойлай екі бағанаға орналасқан жүйке жасушалары арқылы сыртқы әсерлерге жауап қайтарады.
Көбеюі. Жалпақ құрттар - гермафродиттер, себебі аталық және аналық жыныс жасушалары бір ағзада орналасқан.

Жіктелуі. Жалпақ құрттар типінің кластары, өкілдері

Ақ сұлама
Сиыр цепені
Бауырсорғыш

Ерекшелігі. 1. Ақ сұлама - жыртқыш, себебі ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
2. Таспа, сорғыш құрттар - паразиттер, себебі дайын органикалық заттармен қоректенеді.

ІІІ. Білімдерін бекіту
Тест. 1. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән?
А. Екі жақты симметриялы
В. Радиальды симметриялы
С. Екі қабатты жануар
Д. Целомды жануар
2. Жалпақ құрттар типінің ішекқуыстылардан ерекшелігі неде?
А. Көп жасушалы жануарлар;
В. Жасушалары жіктелген;
С. Үш қабатты;
Д. Екі қабатты.
3. Жалпақ құрттарды қандай кластарға бөледі?
А. Кірпікшелі, буылтық;
В. Сорғыштар, жұмыр, буылтық;
С. Таспа құрттар, аз қылтанды, сүліктер;
Д. Кірпікшелі, сорғыштар, таспа;
4. Жалпақ құрттарда қорғаныш және тірек қызметін атқаратын түзіліс?
А. Қабықша
В. Сірқабық
С. Планула
Д. Піллә
5. Жалпақ құрттар типіндегі ағзаларда қантарату, тыныс алу жүйесі болама?
А. Болады;
В. Болмайды;
С. Дұрыс жауап жоқ;
Д. Бәріде.
6. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалар қалай тыныс алады?
А. Өкпесімен;
В. Тыныс алу жүйесімен;
С. Желбезекпен;
Д. Бүкіл денесімен.
7. Кірпікшелі құрттар класының өкілі?
А. Бауырсорғыш;
В. Ақ сұлама;
С. Сиыр цепені;
Д. Сүлік.
8. Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе?
А) Ас қорыту
В) Қан тарату
С) Тыныс алу
Д) Зәр шығару
9. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы аралық жасушалық қабат?
А. Мезодерма;
В. Сірқабық
С. Піллә,
Д. Эктодерма.
10. Паразит құрттарды зерттейтін сала?
А) Палеонтология
В) Протозоология
С) Гельминтология
Д) Микология
11. Дене қуысының орнында болатын борпылдақ жасушаларға толы түзіліс
А. Мезодерма
В. Гермофродит
С. Паренхима
Д. Сірқабық

ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма. Қ. Қайым («Мектеп» 2002) оқулығынан§11 оқу. Қ. Қайым,
Р. Сәтімбеков. оқулығынан §41 оқу

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Атасу кенті, Б. Амалбеков ат. ЖОББМ
Биология пәні мұғалімі
Кубеева Гулшахар Жарылгапқызы
11 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.
Ақ сұлама - жалпақ құрттар өкілі, сыртқы құрлысы, тіршілігі
Ақ сұлама - жалпақ құрттар өкілі, сыртқы құрлысы, тіршілігі
Жалпақ құрттар жөнінде түсінік беру. Құрттардың кірпікшелі құрт - ақ планария түрлерімен таныстып, олардың ішекқуыстыларға ұқсастығын, айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын көрсету.
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Тыныс алуы. Көбеюі.
Сиыр цепені жалпақ таспа құрттардың өкілі
Сиыр цепені жалпақ таспа құрттардың өкілі
Биология пәні мұғалімі: Бақытқызы Әсел
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар типі
Сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттар типі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×