Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биологиялық бәйге - тартыс

02 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
№22 негізгі орта білім беретін мектеп - интернаты
химия және биология пәндері мұғалімі
Қабылова Бақыт Асқаровна

БИОЛОГИЯЛЫҚ БӘЙГЕ - ТАРТЫС
Аннотация
Сыныптан тыс "Биологиялық бәйге - тартыс" іс - шарасы 7 сынып оқушыларына ұсынылып отыр. Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бірі – биологиялық дидактикалық ойындар. Ойын үстінде баланың денесімен ақыл - ойы дамып, қабілеті мен белсенділігі артады. Осы іс - шара барысында дәстүрлі емес ойын түрлерін қолдандым. Оқушылардың биологиядан алған білімдерін қорытындылап, денсаулығын шыңдай отырып салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат қылып қойдым. Оқушылар бірігіп топпен жұмыс жасау арқылы пәнге қызығушылық сезімі оянады.

"Биологиялық бәйге - тартыс" іс - шарасы
7 сынып
Мақсаты:
Білімділік: Оқу процесінде дәстүрлі емес ойын түрлерін қолданып, оқушылардың биологиядан алған білімдерін қорытындылап бекіту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын шыңдау;
Дамыту: Оқушылардың ойланып, бірігіп топпен жұмыс істеу дағдысын, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, пәнге қызығушылық сезімін ояту. Жан - жақты таным процестерін дамыту;
Тәрбиелік: Ұжымдық қарым - қатынас, ынтымақтастық, бірлікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: денешынықтыру, сурет
Әдіс - тәсілдер: Ойын түрінде
Ресурстар: Тақта, маркерлер, А3 форматындағы парақтар, түрлі – түсті стикерлер, параққа жазылған мәтіндер, бес саусақ макеті, ғалымдар портреттері, суреттер, магниттер, шеңбер, кегль, секіретін жіп, қап, доп.

Жұмыс барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Топқа бөлу: Сурет таратылып, сол бойынша топқа бөлінеді.
Мұғалім:
Іс - шараға 7 сыныптың биология пәнін жақсы меңгерген "Ең - Ең - Ең"деген оқушылары қатысып отыр. Команда мүшелерінің қаншалықты биология пәні мен оның заңдарын білетінін, күнделікті өмірде қаншалықты қолданатынын байқаймыз.
1 жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп " Биологиялық бәйге - тартыс" іс - шарасының шарттарымен таныстырамын:
1." Биологиялық бәйге - тартыс" іс - шарасы спорт залда өтеді.
2. Бәйгеге 5 оқушыдан екі команда қатысады.
3. Әр эстафета ұпаймен саналады
2 жүргізуші
Қатал да әділетті әділ қазылар алқасымен таныстырамыз. Ортаға 1команда "Маржандар " және 2 команда "Ұлулар "шығып өздерін таныстырады (2 ұпай)
1 эстафета "Допты жетелеу"
"Ысқырық" белгісімен әрбір команда мүшесі допты жетелей отырып, белгіге барады да магнитті тақтада тапсырманы орындап кері қайтады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді. (Толық жауапқа 5 ұпай)
2 эстафета "Өткелден өту"
1. Команданың бірінші мүшесі шахмат ретімен қойылған кегль арасымен бір аяқпен секіріп өтіп, тапсырманы орындап, кегль арасымен бір аяқпен секіріп орнына қайтады да команданың келесі мүшесіне эстафетаны береді.
Тапсырма: Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық жауапқа 5 ұпай)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 242
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу
Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу
Адамның жануарлар дүниесіндегі орны. Адамның әлеуметтік ерекшеліктерін қалыптастыру. Адам денсаулығын қорғау.
Қазақстандағы жануарлар әлемі
Қазақстандағы жануарлар әлемі
Негізгі мақсаты: тіршілікті жоғарғы құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, дүниенің тылсым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми – танымдық әдіс –
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ Жағыпарова Арай Бақытқызы
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×