Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмыр құрттар типіне жататынжәндіктердің негізгі ерекшеліктері

17 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Алматы облысы, Сарқан ауданы,
Қарабөгет ауылы, Аль - Фараби атындағы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі Ахметова Қарлығаш Елубайқызы

Тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататынжәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып, жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерге түсінік беру.
Дамытушылық:. Жаңа сабақтағы басты мәселеге назарын аударып, жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін дамыту
Тәрбиелеу: Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сабаққа өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуға ықпал ету, жауапкершілікке, өз бетімен еңбектенуге, өзін - өзі басқаруға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Білімді тиянақтау.
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
ІV. Сабақты қорытындылау.
V. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Суретке қарап жануарларды ата
Жалпақ құрттар типінің кластарын ата

Кірпікшелі құрттар
Сорғыш құрттар
Таспа құрттар
Сұлама денесінің көлденең кесіндісіндегі белгілерді ата?
Ойланып сұрақтарға жауап бер

1. Әбден пісірілмеген сиыр етін жеген адам қандай паразит құртты жұқтырып алуы мүмкін.
2. Мысалы, бақша иелері отырғызған көкөністерін жақын маңдағы шалшықты судан суарады делік. Егер сол бақшадан алынған көкөністерді жақсылап жумай жесек, қандай паразит жұқтырып алуымыз мүмкін.

II Жаңа сабақ
Тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер
Құрсақ кірпікшелі құрт, Қылтыңбас, Жіпше құрт, Қылқұрт, Зымырық.

Жұмыр құрттардың 20000 - нан астам түрі бар көпшілігі дара жынысты.
Ауыз қуысы дененің алдыңғы жағында, аналь тесігі артқы жағында орналасқан.
Тыныс алу және қантарату жүйесі болмайды.
Теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрі адамдарда, жануарларда, өсімдіктерде
паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер.

Жұмыр құрттардың денесі 3 қабаттан тұрады.
1. Ең сыртқы қабаты - сірқабық
2. Ортаңғы қабат - гиподерма (тері астындағы қабат)
3. Ең астындағы қабат - біріңғай салалы бұлшықет

Сірқабық - өлі ұлпа, сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді.
Жұмыр құрттар денесі өскен кезде сірқабықты сыпырып тастайды
Жұмыр құрттардың сірқабықты тастауы тілеу деп аталады
Гиподерма (грекше “гипо”астында,”дерма” тері) қабаты сірқабатты астарлап жатады.
Астыңғы жағынан біріңғай салалы бұлшықет қабатына қосылады.

Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар деп аталады.

Жіпшеқұрт - өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жәндіктер шаруашылыққа зияны көп мөлшері 1мм - ден аспайды.

Суыртқы - адамға және жануарларға зиян келтіретін жұмыр құрттар:
Суыртқы - тері астында
Трихинела - бұлшықеттерде Ішексорғы, үшкірқұрт - ішекте (Паразитті тіршілік етеді).

Ересектерден гөрі жасөспірім дер мен балалардың аш ішегінде орнығатын, екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 см - ге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті жұмыр құрт - ішексорғы деп аталады.
Ішексорғы
1. Аналығы
2. Аталығы
Ішексорғының құрылысы - алдыңғы ұшында ауызы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Ауызында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалады. Денесінің сырты сірқабықпен қапталған. Көзі жоқ.
ҚОРЕКТЕНУІ - Қорегі ауызынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек 3 бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді де, оны дененің жасушалары сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.
КӨБЕЮІ - дара жынысты жәндіктер. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар дернәсілдерге айналады.

Маңызы зор жұмыр құрттар
Құрсақ кірпікшелі, Зымырық, Қылтыңбас.

Олар жасушалы жәндіктер, бактериялар, балдырлармен қоректенеді. Сонымен бірге оларды шаяндар, балық шабақтар, балықтар қорегіне жаратады.

ҮІ. Қорытындылау
Жұмыс дәптерімен жұмыс
1 - тапсырма.
Жұмыр құрттар типіне жататын құрттарды ата
бауырсорғыш
зхинококк
сүт сұлама
үшкірқұрт
адам ішексорғысы
қылтыңбас
шошқа жармасқағы
қылқұрт

Слайдын жүктеу
5 820
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым – қатынасы.
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар
Атырау қаласы, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Утепова Болған Мұхлесқызы
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар типі
Сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар
Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып, жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерге түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×