Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 8
Тақырыбы: §9. Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тамыры арқылы қоректену функциясын және ондағы тыңайтқыш түрлері жайлы мағлұмат беру.
Құрал - жабдықтар: плакаттар
Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Тамыр жүйесі
кіндік ---------- Шашақ
Қауын --------- Пияз
Сәбіз ----------- Жүгері
Асқабақ ------- Күріш
Ермен --------- Қамыс
Асбұршақ ----- Сұлы

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Өсімдіктердің минералды қоректенуі
Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.
Өсімдіктер топырақтан:
1) макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т. б);
2) микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт, кобальт және т. б.) алады.
Тыңайтқыштар минералды және органикалық болып екі топқа бөлінеді:
Минералды тыңайтқыштар былай сипатталады:
1. құрамында бір элементтің басымырақ болуы: калийлі (калий хлориді), фосфорлы (суперфосфат), азотты (селитра, несепнәр, аммоний сульфаты);
2. элементтердің толықтылығына байланысты: толық – құрамында азот, фосфор және калийдің болуы, толымсыз – құрамында осы элементтердің біреуінің болмауы.
Органикалық тыңайтқыштар органикалық заттардан шыққан қарашірік, құс саңғырығы, көң, шымтезектен тұрады.
Түйіршікті тыңайтқыштар шар тәрізді түйіршікті түрде дайындалған.
Үстеме қоректендіру - өсімдіктер өсіп келе жатқан кезде тыңайтқыш себу. Топыраққа күлді және құрғақ минералды тыңайтқыш себуді құрғақ үстеме қоректендіру деп, ал топырақта суда ерітілген немесе су қосылған тыңайтқыштар қосуды сұйық үстеме қоректендіру деп атайды.
Өсімдіктерді топырақсыз өсіру. Гидропоника - өсімдіктерді организмнің қоректенуі үшін қажетті барлық элементтері бар сулы қоректік қоспада өсіру.
Минералды қоректену - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіру. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтарды дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.

Толық нұсқасын жүктеу
5 319
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ермек Достанов
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×