Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамырдың түрөзгерістері

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: «Тамырдың түрөзгерістері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі – тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер, оқулықтағы суреттер
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
1. Тізімдегі органикалық және минералды тыңайтқыштарды бөліп кестеге толтыр.
Органикалық тыңайтқыштар
Минералды тыңайтқыштар
1. Азот селитрасы; 2. Құс саңғырығы; 3. Суперфосфат; 4. Күл; 5. Торф; 6. Қи; 7. Сүйек ұны; 8. Қарашірік; 9. Нитрагин; 10. Көмір.
2. Төмендегі сипаттамалар тыңайтқыштардың қай түріне тән екенін тұсына рет санын қою арқылы анықта.
І. Азотты
ІІ. Фосфорлы
ІІІ Калийлі

1. Жемістердің пісу мерзімін қысқартады;
2. Суыққа төзімділігін арттырады;
3. Сабақ пен жапырағының өсуін күшейтеді;
4. Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді

3. Дұрыс жауаптың тұсына белгі қою арқылы сұрақтарға жауап бер
І. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға қайсысы жатады?
1. Өткізгіш; 2. Түзуші; 3. Жабын; 4. Негізгі - фотосинтездеуші; 5. Тірек; 6. Негізгі - қоректік; 7. Бөліп шығарушы.

ІІ. Әсіресе қыста және көктемде бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының сарғаюы қандай элементтің жетіспеуінен деп ойлайсыздар?
1. фосфордың;
2. калийдің;
3. темірдің;
4. кальцийдің;
5. азоттың.

Жаңа сабақ. «Тамырдың түрөзгерістері»
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.

Тамырдың түрөзгерістері
Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.
Жемтамырлар
Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы).
Тіреу тамырлар
Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар
Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады
Түйнекті тамырлар
Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамырларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Ауа тамырлар Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.

Жаңа сабақты бекіту. Сәйкестендіру тапсырмасы.
1. Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. А) Ауа тамырлар
2. Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Ә) Түйнекті тамырлар
3. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Б) Емізік тамырлар
4. Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. В) Тіреу тамырлар
5. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Г) Жемтамырлар

Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы, жаңа сабақта берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы. «Тамырдың түрөзгерістері» тақырыбын оқып келу, жалпы өсімдіктің вегетативті мүшесінің бірі – тамыр жайлы өтілген тақырыптарды қайталап келесіздер, келесі сабақта биологиялық тест жұмысы алынады.
25 041
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы. Сабақтың түрөзгерістері
Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы. Сабақтың түрөзгерістері
Су мен минералды тұздардың қозғалуы. Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды заттар сабақтың қай қабаты арқылы қозғалатынымен танысалық.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Сабақтың түрөзгерістері
Сабақтың түрөзгерістері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ермек Достанов
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×