Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері

03 тамыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 31
Тақырыбы: § 33. Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері.
Сабақтың мақсаты: біржасушалы ағзаларға тән: қоректену, көбею, тыныс алу, сыртқа шығару қасиеттеріне сипаттама бере отырып, өкілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделу дәрежесі жайлы білімдерін кеңейту; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Біржасушалы қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?
Біржасушалылар табиғатта қай жерлерде көп таралған? Олардың қандай түрлері бар?
Біржасушалылар құрылысында, тіршілігінде бәріне ортақ қандай белгілері бар?
Біржасушалылар түрлерінің бір - бірінен ерекшеліктері қандай? Олар өз ішінде қандай топтарға жіктеледі?
Біржасушалылар түрлерінің орын ауыстырып қозғалу ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
Кірпікшелі кебісшенің тұзды ортадан қашуы нені көрсетеді?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Біржасушалылардың қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі
2. Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы
3. Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі.

Қоректенуі. Біржасушалылар негізінен дайын органикалық заттармен (нәруыз, көмірсулар және май тәрізді заттар) қоректенеді. Сондай - ақ олардың ішінде фотосинтез тәсілімен де қоректенетіндері бар.
Эвгленаның құрылысын тағы бір шолып, «Ол фотосинтез тәсілімен қоректене ала ма? Оны неден білуге болады?» деген сұраққа ойланып жауап беріңдер.

Жарық жоқ көлеңке немесе қараңғы жерлерде эвгленаның жасыл түсі жойылады. Ол жануар тәрізді дайын органикалық заттармен қоректенеді. Ол органикалық заттардың түйіршіктерін жұтпайды. Заттардың судағы ерітінділерін цитоплазманың сыртқы тығыздалған жарғақшасы арқылы сіңіреді.

Амеба жалған аяқтарымен қоректі (мысалы, бактерияларды) қоршап, орап алады. Одан соң қорек жасуша қабықшасы арқылы цитоплазмаға түседі. Цитоплазма оны қоршап алады. Сондықтан оны асқорыту вакуолі дейді. Ас осы көпіршік тәрізді қоршауда қорытылады. Себебі қоректің қорытылып, жасушаның өз затының жасалуы осы вакуольдің ішінде жүреді. Нәрлі зат жасуша цитоплазмасына тарап тіршілік қажетіне жұмсалады. Ал кірпікшелі кебісше денесінің алдыңғы жағында ортасына қарай аузы болады. Оған қысқа түтікше тәрізді жұтқыншақ жалғасады. Кебісшенің ауызы жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ғана ойық. Осы ойық арқылы қорек жасушаға тез өтеді. Сондықтан оны жасушалық ауыз дейді. Ауыз төңірегіндегі көптеген кірпікшелер үнемі қозғалып, су ағынын туғызады. Ағынмен келген қорек ауыз арқылы жұтқыншаққа түсіп, одан цитоплазмаға өтеді. Цитоплазмадан асқорыту сөлі бөлініп, қоректі қоршайды. Бұдан көпіршік түрінде асқорыту вакуольі түзіледі. Онда ас қорытылады.

Вакуольдің ішінде сөлдің әсерімен қоректің күрделі органикалық заттары (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ыдырап, жай заттар пайда болады. Олардың ерітіндісі сорылып, қайтадан цитоплазмаға өтеді. Мұнда жәндік жасушасының өзіне тән нәруыз, май, көмірсулары тәрізді органикалық заттар түзіліп, ағзаның тіршілігіне жұмсалады.

Тыныс алуы. Біржасушалы қарапайымдар суда еріген оттегімен тыныс алады. Ол жасуша цитоплазмасына қабықша арқылы өтеді. Оттегінің әсерімен күрделі органикалық заттар (астың қорытылуы) жай заттарға ыдырайды. Мұның нәтижесінде қуат (энергия) бөлініп шығады. Ол ағзаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.

Толық нұсқасын жүктеу
5 478
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі. Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаттың биология пәні мұғалімі Мынжасарова Гульназ Изтлеуовна
Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рахметов Мейірбек Абушахманұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×