Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы

10 мам 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.
Әдіс - тәсілдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сто стратегиялары: ЖИГСО, «Крестиктер нөлдіктер», ОүБ.
Мақсаты: Саңырауқұлақтар дүниесі туралы жалпы түсінік беру. Саңырауқұлақ ағзасының ерекшеліктерін білу. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету.
Күтілетін нәтижесі Оқушылар арасында өзара қарым - қатынас қалыптасады; тақырыпты өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады;
өз ойларын еркін жеткізе біледі; топтық диалог қалыптасады; сындарлы сөйлей білуге ынталанады;
ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; оқушылар өздерінің қабілеттерін дамыта алады; өзін - өзі бағалай алады, өзін - өзі реттей алады; ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолданып, ақпаратты таңдай алады.

Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Ағылшынша сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық
дайындау.(Көңіл күйіміз қалай?( ) Сабаққа дайындығымыз қалай? ( ) Ынтамыз ше? ( )

Сыныпты топқа бөлу. Оқушылар көрмей тұрып қораптан бояу маркерлерді алады. Алынған маркер түсіне байланысты топтарға бірігеді.
Қызыл
Көк
Жасыл
Сары 4 топқа бөлу.

«Крестиктер нөлдіктер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. 1. Ұсақ ағзаларды алғаш рет кім ашты? 2. Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзаларды зерттейтін ғылым? 3. Бактерия қандай жағдайда спора түзеді? 4. Қоректенуіне байланысты қалай бөлінеді? 5. Бактериоз қандай ауру? 6. Біздің ғаламшарымыздың тазалаушы санитары қандай бактериялар? 7. Эпидемия(індет) деген не? 8. Бактериялардың шаруашылықта қандай маңызы бар? 9. Цианобактериялар деген не? 1. Бактериялардың пішіндері қандай? 2. Оралма тәрізді бактериялар қалай аталады? 3. Паразит бактериялар дегеніміз не? 4. Туберкулез ауруын тудыратын бактерияны кім анықтады? 5. Гоммоз қандай ауру? 6. Ауаның құрамындағы азотты сіңіріп табиғи тұздар түзетін бактериялар қалай аталады? 7. Оба ауруының бактериясы топырақта қанша күнге дейін сақталады? 8. Бактери туғызатын ауруларды ата. 9. Қай елде азолла цианобактериясының көмегімен күріштен мол өнім алады?

Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріліп оқушыларға проблемалық сұрақ қояды. 1. Суреттен не байқадық? 2. Бұл қандай патшалық?

Мағынаны тану сатысы.
Ғаламшарда өте ертеде пайда болған ядролы ағзалар - саңырауқұлақтар деп аталады. 100 000 астам түрі белгілі. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым микология деп аталады. Бейнеролик көрсету. Слайдтар арқылы түсінік беру.

ЖИГСО оқушылар 4 адамдық шағын топта берілген номер бойынша мәтінді бөліп оқиды. №1 саңырауқұлақ ағзасының ерекшеліктері.
№2 Саңырауқұлақ жасушасының құрылысы. №3 Көбеюі. №4 Біржасушалы саңырауқұлақтар. Бастапқы топта отырып мәтіннен өзіне тиесілі ақпаратпен танысады. Сарапшылар тобына жинақталады. Қиын жерлерін талқылап бір біріне түсіндіреді.(Термин сөздер кестесін жасайды, мәтін бойынша сызба жасайды, кластер құрастырады, ассоциация жасады т. б). Сарапшылар бастапқы топқа қайта оралып өзге оқушыларға білгендерін үйретеді, №1 ден бастайды.

Ой толғаныс сатысы.

«Келісемін, келіспеймін» тұжырымдамаларды сұрыптау.
*Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы күрделі.
*Спора саңырауқұлақтың таралуын қамтамасыз етеді.
*Спора саң қорғаныштық қызметін атқарады.
*Спора түзілетін орын спорангий деп аталады.
*Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы көбейеді.
*Ашытқы саң қантты спирт пен көмірқышқыл газына айналдырады.
*Конидия спораның бір түрі.
*Саңырауқұлақтың қор заты крахмалда жинақталған.

«Сыңарын тап»

Саңырауқұлақ -
Гликоген -
Микология -
Зооспора -
Спора -
Спорангий -
Конидия -
Ашытқы саңырауқұлақ -
Саңырауқұлақтар патшалығы -

Бағалау.
Жеке бағалау парағын толтырап балды бағаға айналдырады.
Үйге тапсырма беру: 58 сабақ. Ашытқымен қамыр дайындағанда наның көтерілуін бақылау.

Рефлексия.
Толық нұсқасын жүктеу
5 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абылайдың саяси қайраткер қолбасшы ретінде қалыптасуы
Абылайдың саяси қайраткер қолбасшы ретінде қалыптасуы
Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, Абылай хан билігіндегі қазақ хандығының жағдайы туралы оқып үйреніп,
Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы
Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы
Кеңістікте түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуын модельде көрсете алу және суретін сала білу
Мүктәрізді өсімдіктер
Мүктәрізді өсімдіктер
Оқушылар мүктердің әртүрлілігін біледі, мүктерге жалпы сипаттама бере алады, өсімдіктердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін ажырата алады.
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа тәсілдер, диалог, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, көшбасшы, жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 7 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Төлейжанова Светлана
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×