Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері

03 қыркүйек 2017, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақ тақырыбы: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері (7 сынып)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 4. 2. 1. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарына анықтама бере алады, мазмұнын түсіндіре алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жасуша - ұлпа - мүше - мүшелер жүйесі – ағза сызбасын құрастыра алады, олардың өзіндік ерекшеліктерін салыстыра алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өсімдіктер мен пен жануарлар ағзаларындағы жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі арасындағы өзара байланыстарды анықтап, тақырыпты өз бетінше дұрыс түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері: Оқушылар: иллюстрацияланған жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесіне байланысты тірек сөздері бар терминдерді жаза алады. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктерінің мағынасын түсіндіреді.
«Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі» құрылымдық деңгейлерінің ерекшеліктері бойынша ажыратады

Сабақтың басы
Ұйымдастыру бөлімі:
«Шаттық шеңбері» аясында топтасу.
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу. «От шашу» жұлдыздар арқылы топтасу
«Ой қозғау»
Тапсырма № 1. Дұрыс ретімен орналастырыңдар:
1. Мүшелер жүйесі, 2. Жасуша, 3. Мүше, 4. Ұлпа, 5. Ағза.
___________------_______-------__________------_____________________------________.

Осы бәйге сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың алған білімдерін қалыптастыру, ынталандыру, уәждеу арқылы «Жарайсың!», «Тамаша», «Керемет» деген қалыптастырушы бағалау жүргіземін

Сабақтың ортасы
Білу деңгейі. «Суретті әңгімеле» әдісі
(С) «Жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі» ұғымдар тізбегін қайталау. Ол үшін оқушыларға өсімдік, жануар жасушалары, ұлпалары және мүшелерінің мысалдары бейнеленген суреттер жиынтығы ұсынылады. Оқушылар ақпаратты іріктейді, қабылдайды таниды.
Түсіну деңгейі
Мағынаны тану
«Джиксо» әдісімен тақырыпты талдау(С, Ж, ТЖ)
А, В, С, Д топтағы оқушылар сарапшы ұлпалар топ құрайды да талқыға салып бастапқы топқа қайтып келеді. Берілген мәтінді топпен оқып түсініп тұжырымдайды, көрсетеді Постер қорғайды
І топ А. В, С, Д - 1 Жасуша құрлысын анықтайды, мазмұнын түсіндіреді
1 ЖАСУША Ағзаның негізгі қызметтік бірлігі
2 Ағзада нақты қызмет атқарады
3 Мысалы, қан жасушалары, жүйке жасушасы, өң жасушасы

II топ А, В, С, Д - 2. ҰЛПА түрлерін анықтайды,, мазмұнын ашады
 Атқаратын қызметі мен құрылысы ұқсас жасушалардан құралады.
Өсімдіктердегі ұлпалар түрі, жануарлардағы ұлпа түрі бар: түзуші, жабын, негізгі, тірек, бөліп шығарушы, өткізгіш ұлпа, дәнекер, жүйке, бұлшық ет және эпителий.

Ш топ А, В, С, Д - 3 Мүше – сызбасын құрастыра алады, олардың өзіндік ерекшеліктерін салыстырады
3. МҮШЕ
 Белгілі бір қызметті атқаратын ұлпалардан түзіледі.
 Мүшелерге: ми, жүрек, тері, жапырақ, сабақ жатады.

Атырау қаласы, Жамбыл атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Фазылова Жібек Үбенқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
14 994
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Биология пәні бойынша тест тапсырмалар жинағы 8 - сыныпқа арналған
Биология пәні бойынша тест тапсырмалар жинағы 8 - сыныпқа арналған
Қазіргі кезде барлық мұғалім алдына қойылып отырған міндет: оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауын, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиелеу жұмысында көптеген әдіс - тәсілдерді пайдаланады.
Ағза шеберханасы
Ағза шеберханасы
Оқушылардың мүшелер және мүшелер жүйесін есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын, ой - өрісін дамыту, биология пәніне қызығушылығын арттыру
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалім Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×