Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

22 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Ұлулардың құрылысы мен биологиялық ерекшеліктері туралы білім беру. Маңызды кластарының өкілдерімен таныстыру
Бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар жөніндегі деректерді талдау, жинақтау.
Бионика ғылымы туралы ұғым қалыптастыру. Ұлулардың пайдасы мен зияны туралы білім беру, оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Ұлулар
Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпелі. Бұлардың 90000 - дай түрі бар. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Ұлулардын денесі жұмсақ, былқылдақ. Ұлулардың 3 классы бар: бауыраяқты, қосжақтаулы және басаяқты.

Ұлулардың түрлері 130 мың

Бауыраяқты ұлулар класы
Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.
Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау - бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау - бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.
Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.

Қосжақтаулы ұлулар класы
Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып - жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.
«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері слайд жүктеу
9 089
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Панорамалық сабақ: Ұлулар типі
Панорамалық сабақ: Ұлулар типі
Оқушылардың білім білік дағдысын қалыптастыру. Ұлулар туралы білімдерін тереңірек жетілдіру.
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Басаяқты ұлулар класы. Сегізаяқтар, кальмар, каракатица
Басаяқты ұлулар класы. Сегізаяқтар, кальмар, каракатица
Ұлулардың құрлысы мен тіршілік жағдайы, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру
Ұлулар (былқылдақденелілер) типі
Ұлулар (былқылдақденелілер) типі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алиева Айымгуль Ердилдаевна
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Асем Нартаевна Шалгымбаева Биология пәнінің мұғалімі Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ЖОББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×