Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Басаяқты ұлулар класы. Сегізаяқтар, кальмар, каракатица

27 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Басаяқты ұлулар класы. Сегізаяқтар, кальмар, каракатица.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлулардың құрлысы мен тіршілік жағдайы, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту өз бетімен ізденуге, пәнге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ - жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: басаяқты ұлулардың суреттері, презентация, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
• оқушылармен амандасу
• оқушыларды түгендеу
• сабаққа даярлықтарын тексеру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Кім жылдам? Сұрақ - жауап
1. Түрленіп даму деген не?
2. Бақалшақ сақталған ұлулар?
4. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері?
5. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат?
6. Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі ерекше без?
7. Қосжақтаулы ұлулар?
8. Тағам ретінде пайдаланатын ұлулар?
2. Слайд. Суреттегі қосжақтаулы айқұлақтың құрылысын еске түсіріп, атаңдар.

ІІІ Жаңа сабақ
Басаяқты ұлулар класы. Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800 - ге жуық түрлері бар. Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке - жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан - жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді.

Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай - ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады. Көптеген елдерде каракатица мен кальмар кәсіптік мақсатта ауланады. ұлулар - түрлер саны бойынша бунақденелілерден кейінгі екінші орындағы жәндіктер. Олардың қазіргі кезде 80 мың түрі бар деп есептеледі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялық көпжасушалы, құрылысы ұқсас болып келеді. Олардың денесі бастан, тұлғалан, аяқтан (қармалауыштардан), бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Денесі бунаққа бөлінбеген. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Тіс орнына - үккі, асқа қатысты без - бауыр мүшелері бар. Қантарату жүйесі - ашық. «Жүрегі» - екі құлақша, бір қарыншадан тұрады. Табиғатта қосжынысты және дара жынысты ұлулар кездеседі. Жүйке жасушалар жинақталып, түйінге айналады. Тынысалу өкпе және желбезек арқылы жүзеге асады. Бізге ұлулардың үш класы көбірек таныс. Олар, бауыраяқты ұлулар, қосжақтаулы ұлулар және басаяқты ұлулар

ІҮ Сабақты бекіту
1 - Слайд. Суреттегі ұлулардың аттарын жазып, оларды кластарға бөл
Кесте мен жұмыс. Дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 757
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулардың құрылысы мен биологиялық ерекшеліктері туралы білім беру. Маңызды кластарының өкілдерімен таныстыру Бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар жөніндегі деректерді талдау, жинақтау.
Панорамалық сабақ: Ұлулар типі
Панорамалық сабақ: Ұлулар типі
Оқушылардың білім білік дағдысын қалыптастыру. Ұлулар туралы білімдерін тереңірек жетілдіру.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып Биология 7 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Ұлулар (былқылдақденелілер) типі
Ұлулар (былқылдақденелілер) типі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алиева Айымгуль Ердилдаевна
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Асем Нартаевна Шалгымбаева Биология пәнінің мұғалімі Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ЖОББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×