Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс

07 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Биология
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс №7
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі – тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап.

І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме оқушылар
Кім кезекші?

ІІ Үй жұмысын тексеру
1. мүше деген не?
2. тамыр қандай мүше?
3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді?
4. кіндік тамыр жүйесі
5. шашақ тамыр жүйесі

ІІІ жаңа тақырыпты түсіндіру
Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, сору(өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы: тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесіне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.
Бөліну: аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады.
Өсу - бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді.
Сору - өсу бөлімінен кейін орналасады. Қалың түтіктері бар бөлік. Тамыр түтіктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1 - 3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10 - 20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады.
Өткізу - су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.
Тамырдың өсуі. Тамырлар ағаш түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқыны (жылдам) өседі. Жапырақтар мен өркендер тез өседі.
Өсуі аяқталғаннан кезде тамырлардың біраз бөлігі қурайды. Тамырлар қарқынды өсу кезінде қоректік заттар қоры мен суды бірқалыпты толық пайдаланады.
№7 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау.
Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір - бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың барысы:
1. Сабақ өтерден 10 - 15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.
2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.
3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.
2) Тамыр бөлімдерін атап, әрбір бөлімнің атқаратын қызметін жаз:
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс. жүктеу
6 443
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі) 2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше) 3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді ?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі) 4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді.
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Есекеева Жанат Оразбековна
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×