Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міне, қандай аққала!

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Міне, қандай аққала!
Сабақтың мақсаты: Табиғат ерекшеліктерін, оның әсемдігін байқау. Жапсыру сабағы арқылы бейне жасап үйрету.
Білімділігі: Балаларға аққала құра білуді (қыс пен жаз) үйрету. Қыс пен жаздың, суық және жылы түстердің айырмашылығын ажырату, түс ерекшеліктерін байқау. Желіммен дұрыс жұмыс істеу дағдысын пысықтау. Аққала қандай түсте болатынын анықтау және бекіту.
Дамытушылығы: Балалардың ой қиялын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қайшымен қию арқылы қол, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. Табиғат сұлулығын сезіне білу, аялай білу.
Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікті, әсемдікті көре білуге, ұжым болып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Қажетті материалдар: Желім, көк түсті қатырма қағаз, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, әртүрлі жанрда салынған суреттер. Үнтаспа, сүлгі, сандық, Аққаланың суреті, доптар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгін тағы бір жаңа күн келді. Ол бізге бар жылуымен «Қайырлы күн!» дейді. Қане, бізде сәлемдесейік.
Балалар қонақтармен амандасады.
Достарымен амандасады.
Жүректегі жылуды бар әлемге сыйлаңдар.
Көтеріңкі көңілмен сабағымызды бастайық.
- Балалар, айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Ал, кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалардың тақпақтары)

Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша, бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.

Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген.

Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жатқан қаймақ па?
Құлдыраймыз шанамен,
Қыр басынан сай жаққа.

Біздің байтақ далада
Асқар тауда, қалада.
Биыл ғажап іс болды
Таңғажайып қыс болды.

І. Сұрақ – жауап:
1. Түстерді нешеге бөлеміз?
2. «Суық түстер» деп қандай түстерді айтамыз?
3. «Жылы түстер» деп қай түстерді айтамыз?
4. Көктем мезгілін бейнелегенде қандай түстерді көбірек қолданамыз?
5. Қыс мезгіліне қандай түстерді көп қолданамыз?
6. Жаз мезгіліне ше?

ІІ. Ойын: «Суық және жылы түстер»
Ойынның шарты: Балалар, мен сендерге түрлі түсті доптарды көрсетемін. Сендер жылы түс болса шапалақтаймыз, ал егер суық түс болса шапалақ ұрмаймыз.

ІІІ. Сұрақ – жауап:
1. Портреттік жанр дегеніміз не?
2. Натюрморт жанры дегеніміз не?
3. Пейзаж деген не?

ІҮ. Суретпен жұмыс.
Түрлі жанрдағы суреттер көрсетеді. Оған қарап отырып балалар суреттің қандай жанрға жататындығын айтады (пейзаж, портрет, натюрморт). Балалар жауабы тыңдалады.

Ү. Топқа хат келеді.
- Балалар, біздерге хат келіпті. Кіммен келгенін көрейікші.
Хат бізге Африка елінде мекендейтін аңдардан келіпті.
Сәлеметсіздер ме, балалар?! Біз қыс мезгілінің қандай болатынын білмейміз. Өйткені, біз тұратын елде қыс болмайды, қар жаумайды. Ал сендерде жылдың бір мезгілі қыс екен. Қыс қызықты, қар жауып, сырғанақ теуіп, аққала жасайтындарыңды естідік. Бізде сол қысты, аққаланы көргіміз келеді. Бізге көмектесесіздер ме? Бізге хат арқылы аққаланың суретін жіберсеңіздер, қуанып қалар едік.

- Балалар, аңдарға көмек береміз бе?
- Неге олар аққаланы өздері соғып алмайды екен а?
- Дұрыс ақ, ол жақта қар жаумайды.
- Ал, біз оларға аққаланы қалай жасап берсек екен? Қардан соғып береміз бе? Қалай ойлайсыздар?
- Балалар, біз оларға қардан жасалған аққаланы пошта арқылы жібере алмаймыз ғой. Еріп кетеді. Сондықтан біз оларға аққаланы қағаздан жасап берейік.

• Сергіту сәті. Қыста шаңғы тебеміз,
Думандатып өңірді.
Жазда гүлдер тереміз,
Демаламыз көңілді.

- Балалар, енді біздер қыс мезгілі туралы білетінімізді ортаға салайық.
Жыл мезгілдеріне байланысты музыка тыңдау (құстар, өзен, жаңбыр, найзағай, жел, боран).

Ойын: «Сиқырлы сандық»
- Балалар, міне сиқырлы сандық. Кәне, ішінде не бар екен? Ой, балалар, сандық ашылмайды ғой. Енді не істейміз? Сандық ашылу үшін сиқырлы сөз айту керек. Кәне бәріміз бірге «Сиқырлы сандық ашылшы, ішінен шашу шашылшы» деп айтайық. Міне, сандық ішінде қыс және жаз мезгілін бейнелейтін суреттер бар екен, қазір (әр топтан бір) екі баладан шығып, әр мезгілге байланысты суреттерді дұрыс таңдап алу. Берілген суреттер ( аяз ата, шырша, гүл, көбелек, шаңғы)

- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, не бейнеленген?
- Аққала неше бөліктен және қандай пішіннен тұрады?
- Аққаланың көзі, мұрны, аузы қандай? Басында не бар?
- Аққала туралы кім тақпақ біледі?

Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп үшкір.
Көзі көмір, қап қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынға ойнауға
Келгендей ақ ол мұнда.

Жұмыстан бұрын қол қимылы ұсақ моторикасына арналған жаттығу.
Ақ жаңбыр жауады,
Тамшылар тамады.
Жылғалар ағады,
Жаңартып ауаны
Ақ жаңбыр жауады.
- Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Жұмыс барысында балаларға жапсыру әдісін естеріне түсіріп, әртүрлі кеңес беріп отыру.
- Балалардың жұмысын талдау.
Сіздер бүгінгі сабақта жақсы жұмыс жасадыңдар. Мына аққалаларды аңдарға пошта арқылы жіберейік. Аңдар қуанып қалсын.
- Бәріңе рақмет!
Бүгінгі сабақ осымен аяқталды
12 258
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Аққала жапсырайық!
Аққала жапсырайық!
Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету. Қыс туралы әңгімелеп беру. Ауыз екі сөйлеуін дамыту. Бүктелген шаршыдан қиылған әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққаланың, үшбұрыштардан шыршаның бейнесін құрастыру.
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Көгалдағы балапан» жапсырып үйрету, жырту әдісін қолдана білуге үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Аққала
Аққала
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасы Байтелеуова Индира Сисеновна
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия технология пәні мұғалімі Домаева Ақмарал Абдикаримовна
Аққала жапсыру
Аққала жапсыру
№8 жалпы орта білім беретін мектеп Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Сарина Кенжегүл Жақыпбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×