Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандар әлеміне саяхат

19 қаңтар 2016, Сейсенбі
Екібастұз қаласы, Шиқылдақ ауылы,
Комсомол жалпы орта мектебі даярлық тобының мұғалімі
Адилхан Жанаргул

Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат 1 - 10 сандарды қайталау
Мақсаты: балаларды 1 - 10 сандарды қайталату, 10 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін кеңейту, есептер шығаруға үйрету
Әдіс тәсіл; ой қозғау, сұрақ жауап, ойын тапсырмалар, т.б.
Көрнекілігі; 1 - 10 дейінгі сандар, 10 саны мен цифрының жазылу үлгісі, суреттер, таратпа карточкалар, сәбіз муляжы, математикадан арнайы дәптер,

Сабақ барысы;
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Армысың асыл күн
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Армысыз қонақтар!
Қызықтыру кезеңі; тақтаның алдында Себет тұрады
Балалар қараңдаршы, анда себет тұр ішінде не бар екенің көрейік пе? (Иә)
Балалар егер себетті ашқыларын келсе, менің тапсырмаларымды орындауларын керек
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс)
- Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?
- жаңа жыл, аяз ата, күн суытады, боран, дала ақ түске айналады
- Бір аптада неше күн бар? (7) Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі
Балалар апта күндері туралы мына өлең жолдарын қайталайықшы

Дүйсенбіде - доп ойнадым далада
Сейсенбіде - серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде - сурет салдым сәндетіп,
Бейсенбіде - би биледім әндетіп
Жұма - күні жидек тердім
Сенбіде - кино көрдім
Жексенбіде - үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта
- балалар қанекей себетті ашайық па? Олай болса менің тапсырмаларымды орындап себетті ашайық
- Балалар қоян нені жақсы көреді?
Себетте сәбіз бар екен, қане кім санап береді?
- барлығы неше сәбіз екен? (10)
- Енді балалар осы сәбіздерден 1 сәбізді алып оның тапсырмасын орындайық

1 - сәбіздің тапсырмасы 1 - 10 дейінгі сандарды санау, 1 - 10 ға дейін тура және кері санау
2 - сәбіздің тапсырмасы «Шатасқан сандар» ойыны
шарты; балаларға 1 - 10ға дейінгі сандар таратылады. Музыка әуенің естігенде олар жүгіріп билейді, тоқтағанда 1 - 10 ға дейін сандар ретімен тұра қалады.
3 - сәбіз тапсырмасы 8, 9, 7 сандарының көршілерін атап беру
4 - сәбіз тапсырмасы алдарында тұрған қағазға 1, 10 дейін жазыңдар
5 - сәбіз тапсырмасы балаларға жеке жеке есеп карточкалары таратылады есеп шығару
6 - сәбіз тапсырмасы сендер шаршап қалған сияқтысыңдар 6 сәбізіне сергіту сәтін жасайық Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз

7 - сәбіз тапсырмасы бұл сәбізде логикалық есептер бар екен
Ағашта 5 құс отыр, оның 2 ұшып кетті ағашта неше құс қалды?(3)
Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы неше алма?(5)

8 - сәбіз тапсырмасы сандар туралы санамақ білесіңдер ме?
1 - дегенім білеу
2 - дегенім егеу
3 - дегенім үстел
4 - дегенім төсек
5 - дегенім бесік
6 - дегенім асық
7 - Дегенім желке
8 - Дегенім серке
9 - Дегенім торқа
10 - Дегенім оймақ

9 - сәбіз тапсырмасы дәптермен жұмыс
10 - тосын сый
Балаларға кәмпиттер тарату
Назарларыңызға рахмет!
8 061
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар мен құрама сандарды және құрама сандарды көбейткішке жіктеуді үйрету.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау 1 - тапсырма. Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар. Оқушыларға жай сандар және құрама сандар тақырыбын тереңірек меңгерту үшін есептер шығарып үйрету. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×