Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойлан тап

29 сәуір 2016, Жұма
«Ойлан тап» (интеллектуалды ойын)

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, математика, көркем әдебиет, тіл ашар сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау ой - өрісін, сана - сезімдерін қалыптастыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Көрнектілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар, цифрлар, сюжетті суреттер.

Тәрбиеші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар.
Қазір енді қазыларды сайлайық,
Ең алғыр топты айта алар,- дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1 - әділ қазымыз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
2 - әділ қазымыз: Бастауыш бірлестігінің жетекшісі:

Компьютер - сенің көмекшің,
Қағазың әрі қаламың.
Керек емес демессің,
Аздаған соң хабарың,
Ақпараттың заманын,- дей отыра, сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып бастаймыз.

Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Ойлан тап» сайысымыздың ережесімен таныс болайық. Біздің ойынымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап топпен ақылдасып жауап беруіміз керек. Әрбір жауапқа әр команда жұлдызшалар арқылы жетістікке жетеді. Қай топтың жұлдызшасы көп болса сол команда жеңіске жетеді. Жауап дайын болған кезде қолдарын көтеріп белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Әр топ өздерін таныстырады:

1 - топ: Топ Аты: Алғырлар.
Топ ұраны: тоғызда сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
4 пен 5 - ке оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.

2 - топ: Тапқырлар.
Топ ұраны: Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
командалар өздерін таныстырып болса, бірінші айналымды бастаймыз.
Бірінші айналым – «Білгенге маржан».
Бірінші айналымда топтарға туыстық атаулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ дұрыс жауапқа жұлдызша алады.

Сұрақтар: Нағашы әже деген кім?
Нағашы ата деген кім?
Іні деген кім?
Қарындас деген кім?
Бөле деп кімді атайды?
Жиен деп кімдерді айтамыз?

Екінші кезең – «Сөз ойла, тез ойла»
«А», «Т», «Б» және «С», «Қ», «Ж» дыбысына байланысты сөздер ойлап, буынға бөліңдер, неше буын бар екенін табыңдар

Үшінші кезең «Құрастырмалы пішіндер» (балаларға ертегіден үзінді суреттер беріледі, балалар суретті құрап қай ертегі екенін атайды.)
Ал қанекей балалар
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
« Мамандықтар елінде».
Төртінші кезең: «Мамандықтар әлемі».
(суретте берілген мамандық иелерін атайды).
Бесінші кезең « Жоғалған санды тап!»
( қарапайым математика ұйымдасқан іс әрекетінен тапсырма )
1... 3.... 5... 7.... 9.....
..... 2..... 4... 6.... 8..... 10

Алтыншы кезең «Санап көр».
(тақтада тұрған заттарды санау, цифрмен белгілеу.)

Жетінші кезең «Тілашар»
( Жұмбақ жасырамын, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
Жұмбақтар:
- Жолбарыстан аумайды,
Пеш түбінде аунайды (мысық)

- Өзіне болған қорған,
- Орман ішінде бар аң
Қорбаң - қорбаң. (аю)

- Жалт - жұлт етіп төбемде,
- Түсе алмай тұр төменге. (жұлдыз)

- Аяғы бар, басы бар
Арқалаған тасы бар, (Тасбақа).

- Шыр - шыр етеді
Құлагыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (Телефон)

- Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ - тоқ соғады. (Тоқылдақ)

- Қыста үйге кірмейді,
- Көктем шықса жүрмейді. ( Шана)

Жеңістен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын?
« Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме
Қатысуда бір жеңіс,
Бір жеңіліс бар ұғатын.
Әділ қазылар сөзі:
Мадақтау грамоталары беріледі
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Қорытындылау.
19 429
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғырлар мен тапқырлар
Алғырлар мен тапқырлар
Бастауыш сынып мұғалімі Тағытаева А.Ә.
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
Ақпараттар әлемі
Ақпараттар әлемі
Алматы облысы, «Ақтам» орта мектебі мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Имамниязова Селимам Ибраимахуновна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Озық, ойлы оқушы
Озық, ойлы оқушы
Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімдері Гүлзада Тұяқбаева, Дина Оспанова
"Жұлдызды сәт" интеллектуалық ойыны
"Жұлдызды сәт" интеллектуалық ойыны
Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат селосы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×