Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Жұлдызды сәт" интеллектуалық ойыны

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны
Класы: Мектепалды даярлық тобы
Мерзімі: 01. 02. 2013 жыл.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, математика, көркем әдебиет, тіл ашар сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау, ой - өрісін, сана - сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің,
Қағазың әрі қаламың.
Керек емес демессің,
Аздаған соң хабарың.
Ақпараттың заманын,- дей отыра, сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып бастаймыз.
Тәрбиеші:
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе еріңдер.
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, - деп бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.

І - топ «Алғырлар» тобы.
Мүшелері:
1)
2)
3)
ІІ - топ: «Тапқырлар» тобы
Мүшелері:
1)
2)
3)
Тәрбиеші: Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 8 - бөлімнен тұрады.
1 - бөлім: Таныстыру (әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)
2 - бөлім: «Мамандықтар әлемі» (суретте берілген мамандық иелерін атайды)
3 - бөлім: «Ойлан тап!» (математика сабағы пәні суреттегі сұрақтарға жауап береді)
4 - бөлім: «Топтастырылып берілген нелер» деген сұраққа жауап аламыз
5 - бөлім: «Санап көр!» (неше деген сұраққа жауап береміз)
6 - бөлім: «Жүзден жүйрік» (2 - топқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
7 - бөлім: «Тілашар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
8 - бөлім: «Жағдаяттарды талдау» (сурет бойынша әңгіме)

Тәрбиеші:
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдіктен қара қылды қақ жарар.
Қазір енді қазыларды сайлайық,
Ең алғыр топты таңдап айта алар, - дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 - әділ қазымыз: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қайдақова Жанар апай.
2 - әділ қазымыз: Бастауыш бірлестігінің жетекшісі: Жиеналы Мейрамгүл апай.
Тәрбиеші: Балалар қазір сергіту сәтін орындаймыз. Бәріміз тұрайық.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық

Тәрбиеші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп таныстыруды бастаймыз.
1 - бөлім: «Таныстыру» (әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)
1 - топтың аты: “Алғырлар”
Топ ұраны:
2 - де сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
4 - пен 5 - ке оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.

2 - топтың аты: “Тапқырлар”
Топ ұраны:
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Тәрбиеші:
Ал қанекей балалар,
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
“Мамандықтар елінде”

2 - бөлім: «Мамандықтар әлемі» (суретте берілген мамандық иелерін атайды)
Тәрбиеші:
Сөз маржаны дегенде,
Ерінбей қане, шешіңдер.
Маржанды сөзді тереңнен
Тауып алып тізіңдер, - деп
келесі кезекті 3 - бөлімге береміз
3 - бөлім: «Ойлан тап!» (математика сабағы пәні суреттегі сұрақтарға жауап береді)
Тәрбиеші:

4 - бөлім: «Топтастырылып берілген нелер» деген сұраққа жауап аламыз
Жарайсыңдар, балалар.
Балалар енді шамалы бойымызды жазып, сергіту сәтін орындап жіберейікші.
Сергіту сәті
Мынау менің - жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің - оң қолым,
Мынау менің - сол қолым
Барлық істі атқарған.
Тәрбиеші:
5 - бөлім: «Санап көр!» (неше деген сұраққа жауап береміз)
Тәрбиеші:

6 - бөлім: «Жүзден жүйрік» (2 - топқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
Тәрбиеші:
7 - бөлім: «Тілашар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
Тәрбиеші:

8 - бөлім: «Жағдаттарды талдау» (сурет бойынша әңгіме)
Тәрбиеші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
“Жеңбедім, жеңілдім” деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.

Жақсы бала құлақ сап айтқаныңды ұғады,
Төсегінен тұра сап таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық: істемейді шалалық,
Тап - таза боп жуынып, алады ол таранып,
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ, - дей отыра, әділ - қазыларымыз дайын болғанша, кезекті оқушыларымыз әрқашан тату, дос бола білсін деген мақсатпен, әнге береміз.

Ән: (хор) “Дос болайық бәріміз”
1. Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз, ілгері жүруге,
Достық жырын білуге,
Буып ұстап бірлікте, еңбекті сүйем де.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.
Алтын күліп даламыз.
2. Қайраттанып ғарышта,
Озып шыққан жарыстан.
Батыл бол, жасыма!
Самға биік алысқа,
Жұлдыздарға ғарышқа.
Бойда күш тасыған.

Тәрбиеші: Ендігі кезекті әділ қазыларымызға береміз. Қай тобымыздың көп ұпай жинағанын естіп көрелік.
Тәрбиеші: Келесі кездескенше сау болыңыздар! Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 674
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Ойлан тап
Ойлан тап
Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру,
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қонарбаева Жеміс Абдошовна
Ақпараттар әлемі
Ақпараттар әлемі
Алматы облысы, «Ақтам» орта мектебі мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Имамниязова Селимам Ибраимахуновна
Бала шақтан болашаққа
Бала шақтан болашаққа
Тақырыбы: « Бала шақтан болашаққа» Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×