Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спорт – денсаулық кепілі

03 қыркүйек 2017, Жексенбі
Тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қауіпсіз мінез - құлық негіздері
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды адамның ең маңызды негізгі мүшесі – жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Спорт, дене шынықтырудың маңызы туралы түсінік бере отырып, сабақ барысына қимыл қозғалысты енгізу.
Тәрбиелілігі: Би арқылы ширақтылығын арттыру, тақпақ, мақал мәтелді жаттау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, достыққа, бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Спорт түрлері бейнеленген суреттер, А - 4 қағазы, түрлі түсті қарындаш, әліппе – дәптер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
- Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
(ойыншық жүректі бір - біріне ұсынып, лебіздерін айтады)
- Намысты бол, жігерлі бол, әділ бол, сезімтал бол, жаңашыл бол, салмақты бол, турашыл бол, шешен бол, өнерлі бол, адал бол, күшті бол, мейірімді бол, ақылды бол, қайратты бол, сыпайы бол, көңілді бол, білімді бол.

II. Негізгі бөлім.
- Балалар бүгін аптаның қай күні? (бейсенбі)
- Бүгінгі сабағымыз қауіпсіздік негіздері.
- Сабағымыздың тақырыбы «Спорт - денсаулық кепілі».
Балалар, біз күнделікті таңертеңгілік ұйқыдан тұрғаннан соң не жасаймыз? (ертеңгілік жаттығу) Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру арқылы біз денсаулығымызды, дене бітімімізді шынықтырамыз. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана біледі. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Адамдар әрқашан қимыл қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып, жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денсаулығымызды сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болуымыз қажет. Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
(тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Мақал мәтелдер.
1. Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.(Дулат)
2. Денсаулық — зор байлық.(Ислам)
3. Дені саудың – жаны сау (Ерасыл)

Жұмбақ
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат (жүрек)
- Тазалық — денсаулық негізі, денсаулық — байлық негізі.
Адамның ең маңызды мүшесі ол – жүрек. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек қан айналымын реттейтін мүше. Жүрек ауырмауы үшін спортпен айналысу қажет. Дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру қажет.
( Тақтаға спорт түрлерінің суреті ілінеді)
- Балалар мына суретте спорттың қандай түрлерін көріп тұрсыздар?
- Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қозғалмаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады. Әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды, бұлай ету жүректі әлсіретіп алады.
Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей. Адамда жүрек біреу ғана, оны сақтау қажет.
Тақпақ
1. Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай. (Рустамбек)

3. Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың,! (Қайрат)
4. Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай (Нұртас)

Сергіту сәті.
Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.

III. Қорытынды.
- Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
- Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
- Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды?
• Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.
• Жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады.
• Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі
- Балалар өз жүрегіміздің суретін қағаз бетіне түсіріп көрейікші.
(Балаларға бояу қарындаш пен қағаз беріледі)

Қорытындылау «Жүректен - жүрекке»
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті достарым мейірімді

Атырау қаласы, Атырау облысы,
Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Кузембаева Лайла Сеиткалиевна
45 507
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Денсаулық, спорт туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар
Денсаулық, спорт туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар
Спорт жайлы мақал - мәтелдер 1. Денсаулық – зор байлық. 2. Айналдырған ауру алмай қоймас. 3. Ауру атанды да шөктірер.
Қысқа мерзімді жоспалар
Қысқа мерзімді жоспалар
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту
Денсаулық - өмір негізі
Денсаулық - өмір негізі
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл селосы "№11 Қоскөл орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Әбдіғамит Жазира Қонақбайқызы
Тазалық - денсаулық  кепілі
Тазалық - денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×