Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тазалық - денсаулық кепілі

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тазалық - денсаулық кепілі»
Мақсаты: а) Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.
ә) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
б) Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан - жақты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд - суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: Балалар, сендер болашақта қандай болғыларың келеді?
Нұржан: Мен ұлмын, сондықтан өжет, күшті, төзімді, көңілді болғым келеді.
Аружан: Мен қызбын, сондықтан нәзік, шыншыл, әділ, әдемі болғым келеді.
Мұғалім: Әдемі, нәзік, күшті болу үшін не керек? (Денсаулық)
Онда ауырмай әдемі, таза болу үшін өз - өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.
- Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?

Спорт Денсаулық Жеміс - жидектер

Күннің көзі
Дәріхана Су
Таза ауа
І кезең: «Менің таңым»
ІІ кезең: «Қимыл - қозғалыс»
ІІІ кезең: «Сиқырлы сандық»
ІҮ кезең: «Көрініс»
Ү кезең: «Спорт - сенің серігің»
ҮІ кезең «Кім тапқыр?»

І. «Менің таңым» Балалар «Денсаулық», «Тазалық» туралы өлеңдері оқылады.

Гүлдана: Су - өмір жүрегі
Денсаулық тірегі.
Шөлдесең, қанасың,
Жуынсаң тазасың.
Қоршаған ауамен
Шығып кең далаға.
Шынық сен әрдайым
Керемет ауада.

Кемел: Тазалықты іздесең,
Мөлдір судан аласың.
Жиі - жиі жуынсаң,
Аппақ таза боласың.
Тазалықты іздесең,
Шампунь, сүлгі керегі.
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.

Динара: Тазалықты іздесең,
Айна, тарақ керегі.
Бірі тарап шашыңды,
Екіншісі көреді.
Тазалықты іздесең,
Тіс пастадан табасың.
Тістеріңді шөткеге,
Тазалатып аласың.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 924
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Тазалық – денсаулық кепілі
Тазалық – денсаулық кепілі
Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Тазалық - денсаулық кепілі
Тазалық - денсаулық кепілі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×