Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары және төлдері

28 маусым 2019, Жұма
Жаратылыстану
Тақырыбы: Үй жануарлары және төлдері
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын әдісі, көрнекілік әдіс, СТО технологиясының элементтері, куббизм әдісі
Көрнекілік: үй жануарлары: қой, сиыр, ешкі, жылқының суреттері, жануарлар дыбыстары, презентация, теледидар
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Қос тілдік компонент (Билингвальный компонент):
Үй жануарлары - домашние животные.

Кіріспе:
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың көңіл – күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастау үшін балаларды орындарынан тұрғызып шаттық шеңберіне жинау:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Күліп шыққан күнге.
Деніміз сау болсын!
Аспанымыз ашық болсын!

Спасибо скажем мы не раз,
Всему живому вокруг нас!
Как хорошо на свете жить!
Как хорошо уметь дружить!
Кәне балалар барлық қонақтармен амандасайық!
Сәлеметсіз бе?! Здравствуйте?! Hello!
Жақсы балалар, сабаққа дайынбыз ба? Көңіл – күйіміз қалай? Ендеше орнымызға отырайық.

Мотивациялық - қозғаушы
Мотивационно – побудительный
Қонаққа мерекелік сыйлық қорапшасымен Дара келеді. Ол өзінің тапсырмаларын алып келеді.
Балалар бұл қорапта не бар екенін білгілерің келе ме? (Хотите узнать что в этой коробке?) Ендеше Даранын тапсырмаларын орындайық. (Тогда давайте же выполним ее задания)

Іздену ұйымдастырушы
Организационно – поисковый
Тапсырманы бастамас бұрын мен сендерге бір жазба көрсеткім келеді.
- Ал енді, айтыңдаршы, біз бүгін не туралы айтатын боламыз?
- Сендердің үйлеріңде үй жануарлары бар ма?
- Оларды неге біз үй жануарлары деп атаймыз?
- Ал қоян, қасқыр, аюды біз неге жабайы аңдар деп атаймыз?
- Олай болса үй жануарларын және төлдерін атап көрейікші.
Өте, жақсы! Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Дараның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба? Ендеше бастайық!
1. Дауысынан таны!
(Узнай по голосу) – балаларға бірнеше үй жануарларының дауыстары тыңдатылады. Олар дауысты ести отырып, қай жануар екенін анықтаулары керек.
2. Анасын тап!
(Найди маму) – балалар таратылған материал арқылы шашылған үй жанураларын дұрыс орналастырып, әр жануарды өз төлімен қойып шығулары тиіс.

Сергіту жаттығуы
Балалар видео арқылы билей отырып сергиді.

Жеке жұмыс. 1 – 2 баланы тақтаға шығарып үй жануарларын көрсету, айту.

3. Артығын тап!
(Найди лишнее) – балаларға 4 түрлі зат қойылған суреттер көрсетіледі. Балалар ойлана отырып артығын табады және артық затты топтастырады.
4. Баласын ата!
(Назови детеныша) – куббизм әдісі арқылы баларға кубик (әр қырында үй жануары бейнеленген) жіберіледі, балалар түскен жануардың төлін, баласын атаулары қажет.
Үй жануарлары және төлдері. жүктеу
2 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінін дамыту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарлары мен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы үй жануарларының төлдерін ата сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×