Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)

04 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Блок: «Жануарлар әлемі»
Апта тақырыбы:«Үй жануарлары»
Білім беру саласы: « Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Ауылға саяхатқа шығу» (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Мақсаты: Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, сергіту сәті, «Үй жануарлары» ойынын ойнату.
Көрнекілігі: үй жануарлары суреттері, үй жануарлары жазылған бейне таспа.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ, сиыр, бұзау.
Билингвальды компонент: үй жануарлары - домашние животные, түйе - верблюд, бота - верблюжонок, жылқы - лощадь, құлыншақ - жеребенок.

Ұйымдастырушылық қозғаушылық
І. Жансүгіровтың өлеңін оқып, сұрақтар қою.
Шөре, шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей, деміңді ал
Селтеңдемей құлағың,- деп нені айтамыз?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.
Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
Неге үй жануарлары деп атаймыз?
Қолда ұстайтын, адам күтіп - бағатын жануарларды үй жануарлары деп атайды.
Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі - киім. Естеріңе түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз?
Лақ, қозыны еркелетіп, қозыны қошақан, ботаны ботақан, құлынды құлыншақ деп атаймыз.
Балаларға үй жануарларының суреттері арқылы әңгіме құрату.
- Мына жылқы үлкен, құлын кішкентай. Құлын енесімен жарысып шапқылап барады. Төлдің анасын ене деп атайды.
Мынау - ешкі. Қасындағы төлі - лақ.
Мынау суретте түйе, түйенің төлі - ботақан, ол енесіне еркелеп тұр. Түйенің тау сияқты екі өркеші болады. Ол жүк тасуға өте ыңғайлы.
Билингвальды компонент: үй жануарлары - домашние животные, түйе - верблюд, бота - верблюжонок, жылқы - лощадь, құлыншақ - жеребенок.
Сергіту сәті:
Құлыншағым, құндызым
Құлдырайды, шабады
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады. (І. Жансүгіров)
Ойын: «Төлдерін тап?»
Ойын шарты: суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді.

Рефлекциялық - түзетушілік
Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Малдардың төлдерін қалай атаймыз?
Сұрақ - жауап арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылау. Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін сызықпен қосуды,
Түсінеді: үй жануарларын және олардың төлдері туралы мәліметті,
Қолданады: дыбыстарды дұрыс айта білуді.

«Ақмарал» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Зинешова Айгул Шапагатовна

Толық нұсқасын жүктеу
5 470
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Көрсету материалы "Үй жануарлары"
Көрсету материалы "Үй жануарлары"
Көрсету материалы "Үй жануарлары"
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×