Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас атасы – нан

29 шілде 2019, Дүйсенбі
Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы
Топ №12 «Ертөстік» (ересектер тобы)
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қоршаған орта. Көркем әдебиет. Мүсіндеу.

Тақырыбы: Ас атасы – нан
Мақсаты: Балаларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру
"Ас атасы – нан" екенін түсіндіру. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, слайд арқылы жұмыс
Көрнекіліктер слайд, суреттер, дән, ұн, су, ашытқы.
Білімділік: Нан туралы түсінік беру, дән тұқымымен таныстыру, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.
Тәрбиелік: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: Нан – хлеб -. bread, егін даласы - хлебные поля - grain fields, трактор – трактор - tractor, наубайхана - пекарня - bakery, дирмен – мелница – Melnitsa

Мотивациялық қозғаушылық
Балалар бүгін бізде ерекше күн, бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Біз өзіміздің қандай әдепті үлгілі бала екендігімізді көрсетейік.
Барлығымыз амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, жылулық шеңберін өткізеді. Балалар алақанымызды бір – бірімізге ұсынайық. Ендеше бәріміз бір - біріміздің қолымызды ұстайық, Балалар нені сезіндіңдер.
Тәрбиеші оқу іс - әрекетін бастамас бұрын.

«Сағат» артикуляциялық.
Тәрбиеші:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде неше ай бар?
Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?
Күз мезгілінде нелер піседі?
Дұрыс, балалар тек ғана
Көкөніс пен жеміс жидектер піспейді, күзде егінде пісіп қамба астыққа толады екен.
Бүгінгі іс әрекетіміз:
«Ас атасы – нан» туралы болмақ. Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын. «Асты тас, үсті тас.
Ортасында піскен ас» Балалар айтыңдаршы дастархан жайғанда бірінші не әкеліп қоямыз. Балалар аналарымыз нанады қайдан алады?
Дұрыс «Дүкеннен». Онда балалар, Біз қазір дүкенге нанның қайдан келетінін, туралы айтайық. (Есік қағылады) Топқа қолында наны бар қыз кіреді. Ол нанды өте ұқыпсыз, шашып жейді де, қалғанын кез келген жерге шашып тастай салады.
Тәрбиеші: Балалар мына қыз баланың істеген қылығы дұрыс па? Нанды лақтыруға, шашуға болады ма?
Тыйым сөздер: Балалар айтыңдаршы қандай тыйым сөздер білеміз.

Тәрбиеші: Балалар нанның қандай еңбекпен келетінін білесіңдер ме? Нан неден жасалады? Ұнды қайдан аламыз?
Бидай қайда өседі екен? Оны кімдер қалай өсіреді екен?
Ас атасы – нан. жүктеу
7 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Нан дастарханға қалай келеді?»
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру.
Нан дастарханға қалай келеді?
Нан дастарханға қалай келеді?
Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Нан дастарханға қалай келеді?
Нан дастарханға қалай келеді?
Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?
Ас атасы - нан
Ас атасы - нан
Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Ас атасы - нан
Ас атасы - нан
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласы, №10 "Сказка" деген балабақша тәрбиешісі Кенжебаева Бахытжамал Каримовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×