Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыш әлеміне саяхат

30 шілде 2019, Сейсенбі
Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат
Мақсаты: Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорларын молайту. Ой - өрістерін, көріп білу қабілеттерін дамыту.
Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері

Қайырлы таң
Ормандар мен далалар,
Қайырлы таң
Достасқан бар балалар,

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Ал, балалар қыстан кейін қай мезгіл келеді?
Балалар: Көктем мезгілі келеді.
Тәрбиеші: Сол көктем мезгілінде - ғарышкерлер мерекесі болады.
Ғарышкерлер дегеніміз олар ғарышқа ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де, көптеген ғаламдар бар.
Біз жер ғаламында өмір сүреміз.
Қай ғаламда өмір сүреміз?
Балалар: Жер ғаламында өмір сүреміз.
Тәрбиеші:- Балалар, сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
Балалар:- Ұшақ, тікұшақ, зымыран.
Тәрбиеші: Сендермен, осы әуе көліктерінің орысша атауын бірге үйренейік
Ұшақ - Самолет
Тікұшақ - Вертолет
Зымыран - Ракета

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Иә, балалар ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыран мен ұшады.
Мына суретте өзіміздің қазақ Ғарышкелері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары.
Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспанда тағы нелер болады, балалар?
Балалар:- Күн, ай, бұлттар болады.

Тәрбиеші: балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттаған едік қой.
Айсара: Аспан - аспан арайым,
Саған жиі қараймын.
Нұрдаулет: Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
Сабина: Ғалым болам десеңіз,
Білім жина басынан.
Абдулкерим: Ғарышқа ұшам десеңіз,
Шынықсын денең жасыңнан.

Тәрбиеші: Балалар сендер ғарышқа ұшқыларың келеме?
Балалар: ия, Ұшқымыз келеді.
Ендеше мына зымыранға қарайықшы. Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Балалар: төртбұрыш, шаршыға, үшбұрышқа, дөңгелекке.
Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
Ендеше мына жерде әр түрлі пішіндер бар. Суретке қарап құрастырайық.

Балалардың ұжымдық жұмысы:
Міне зымыранымыз дайын болды. Енді бір сәт бізде ғарышқа саяхатқа ұшайық.
Ұшып барамыз, ұшып барамыз алдымыздан бір үлкен ғалам көрінгендей, қонуға дайындаламыз.
Міне қараңдаршы, бұл ғаламның суы да, талдары да біртүрлі екен.
Мынау не? Құстың ұясы бұл төменде жатыр, ал көбелектері қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр. Иә, бұл ғаламда бәрі керісінше екен. Қане бұларды өзіміздің жердегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық..

Робот: Са - ла - мат - сың - дар - ма, ба - ла - лар, сен - дер қай ға - лам - нан кел - дің - дер?
Балалар: Жер ғаламынан келдік.

Робот: Сен - дер - дің жер - ле - рің қа - лай деп а - та - ла - ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады.
Робот: Сау бо - лы - ңыз - дар ба - ла - лар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар біздің де қайтатын уақытымыз болды. Осы көргендерімізді жердегі достарымызға айтып берейік.
Қане енді ұшуға дайындалайық. Ұштық, Ұштық.

Рефлексия:- Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік? Ғалам, жер, ұшақ туралы.
Кімдер туралы білдік? Ғарышкерлер туралы білдік.
Сендерге не ұнады? Зымыран, т. б. жауаптары.

Гүлдер І кіші топ тәрбиешісі: Сарсенгалиева Н. Б.
Ғарыш әлеміне саяхат. жүктеу
3 889
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
12 сәуір – ғарышкерлер күні
12 сәуір – ғарышкерлер күні
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту.
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Ғарыш
Ғарыш
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, «Балбөбек балабақшасы» КММ - нің тәрбиешісі Байтикова Динара Сейтжанқызы
"Ғарышқа саяхат"
"Ғарышқа саяхат"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиешісі: Серікбаева Клара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×