Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


12 сәуір – ғарышкерлер күні

26 наурыз 2024, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық оқу іс әрекеті:
Тақырыбы: Ғарышкерлер күні
Мақсаты: білімділік: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін, ой - өрістерін, зейіндерін, көріп тану қабілеттерін дамыту
дүниетанымдарын кеңейтіп, қиялдарын шарықтату.
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері:
Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой қозғау, көңіл - күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойша саяхат, ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру
Көрнекіліктері:
Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары, геометриялық пішіндер,
суреттер және интерактивті тақта
Сөздік қоры:

Ғарыш, ғарышкер, ғалам.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
Амандасу:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар, балалар.
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң!
Жора - жолдас, ұл мен қыз.

Ой туғызу: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер. Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
( Балалардың жауабы)
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Наурыз айы
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?
( Балалардың жауабы )
- Балалар, кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?
- Иә, көрсетейік. Балалар бетперделерін киіп әрқайсысы өз орындарына жайғасады.
Әуен орындалып, күн күркірейді. Бұлт бейнесіндегі балалар шығады:
Бұлттар:
Жер анаға көмегім
Жаңбыр болып төгемін,
Төмендеймін, көлбеймін
Бөгелмеймін, өрлеймін.
Тамшылар:
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Күркіреп, дүркіреп
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Сіркіреп, дүркіреп.
Бұлттар:
Нөсер, нөсер төк - төк
Болсын егін көп - көп.
Сулар:
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Су ағады сыңғырлап.
Бау - бақшаны аралап.
Су ағады жағалап.
Тамшылар кетіп, бұлттың арасынан Күн шығады:
Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты.
Кемпірқосақ:
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл, жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құстар:
Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.
Гүлдер:
Бәйшешекпіз құлпырған
Көрік берер далаға
Күй ойналып, наурыз мерекесінде жүргендей қимыл жасайды.

Жарайсыңдар, балалар, міне көктем мезгілі өзінің осындай керемет ерекшеліктерімен
қуантады екен.
- Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Екінші айы.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.
- Иә, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер мерекесі.
Қандай мереке?
- Ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
- Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар, сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ, тікұшақ, зымыран.

- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Юрий Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады, балалар?
- Күн, ай, бұлттар болады(балалар өз ойларын айтады!

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып, аспан кеңістігін зерттейді екен. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Қане есімізге түсірейікші, кім айтады Балалардың тақпақтары.

12 сәуір – ғарышкерлер күні. жүктеу
11 887
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12 - ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ғарыш қонақтары
Ғарыш қонақтары
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
"Ғарышқа саяхат"
"Ғарышқа саяхат"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиешісі: Серікбаева Клара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×