Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Американың климаты. Күнделікті сабақ жоспары

14 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
31 - сабақ. Солтүстік Американың климаты
32 - сабақ. Солтүстік Американың ішкі сулары
33 - сабақ. Солтүстік Американың табиғат зоналары
34 - сабақ. Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары
35 - сабақ. Канада. Орталық Америка елдері.


Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Солтүстік Американың климаты
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі.
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Жаңа сабақты түсіндіру:
Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік баулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы – міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін - еркін өте алады.

Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км - ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар – ураган жиі болып тұрады. «Ураган» майя тілінде «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа температурасы - 40ºС, ал материктің оңтүстігінде +20ºС болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерінде +8ºС - қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30ºС - тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік - шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын - шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын - шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік - батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын - шашын мөлшері қайта артады. Оған батыс желдері ықпал етеді.

Жаңа сабақты бекіту:
1. Материктің климаттық картасын пайдаланып, қаңтар мен шілде изотермаларының жүру бағыттары мен көрсеткіштерін, маусым бойынша желдердің басым бағыттарын, жылдық жауын-шашынның таралу мөлшерін анықтап, себептерін анықтаңдар.
2. климаттық белдеулер картасын пайдаланып, материктегі климаттық белдеулер мен олардағы климат жағдайларын анықты; Еуразияны осындай белдеулермен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңдар. Нәтижелерін қысқаша дәптерлеріңе жазыңдар.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың климатымен танысып, анықтадық
Үйге тапсырма: §31 - оқу, кескін картаға Солтүстік Американың климатын түсіріп келу. Осы тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын құрастырып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
2 756
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндер (ормандық тайпалар) аңшылықпен және балық аулаумен, қолөнермен шұғылданған. «Вигвам» деп аталатын лашықтары мен жеңіл қайықтары
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен Америка деген дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп атайды. Ең енді жері 50о. с. бойына сәйкес келеді. Жағалаулары көпшілік
Солтүстік Американың ішкі сулары
Солтүстік Американың ішкі сулары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, № 7 орта мектебінің география пәні мұғалімі Мысамбаева Гулбаршын
Америка дүние бөлігіне саяхат
Америка дүние бөлігіне саяхат
Биология және география пәні мұғалімі Зарипова Гаухар Адилбековна
Солтүстік Америка
Солтүстік Америка
Қызылорда қаласы, №136 Т. Жүргенов атындағы география пәні мұғалімі Мөлдір Нысанбай Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×