Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Американың ішкі сулары

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың ішкі сулары.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларда Солтүстік Американың
ішкі сулары туралы білім қалыптастыру. 2. Оқушыларды оқулық, карта, қосымша материалдарды пайдаланып өздік жұмыс жасай білуге, ойлау қабілетін дамытуға үйрету.
3. Оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: карта, интернеттен алынған бейнеролик, слайд.
Сабақтың әдісі: топтастыру, СТО.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушыларды санау арқылы 4 топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1 - топ. Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан? Климаттық жағдайы қандай факторларға байланысты?
2 - топ. Терминдерге сипаттама беріңдер. Торнадо, ураган.
3 - топ. Қаңтар, шілде айындағы ОТ, жауын - шашын мөлшері.
4 - топ. Климаттық диаграммаларға(Ванкувер, Сан - Франциско) талдау жасаңдар.
3. Қорытындылау. Сонымен Солтүстік Америка материгінің климаты алуан түрлі. Солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.
4. Жаңа сабақ. Бейнеролик жіберу арқылы оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтатамын.
«Су» сөзіне ассоциация жүргізу.
Тапсырмалар:
1) 1 - топ постер жасау - Атлант, Солтүстік Мұзды мұхит
алабы өзендері.
2 - топ постер жасау - Тынық мұхит, ішкі тұйық алап
өзендері.
3 - топ - Солтүстік Америка көлдері.
4 - топ – Ниагара сарқырамасы.
2) Адасқан объектіні тап.
1 - топ 1) Мексика шығанағына құятын ірі өзен.
2) Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын ірі өзен.
2 - топ 1) Калифорния шығанағына құятын, Тынық мұхит алабының өзені.
2) 47 с. е. 90 б. б. орналасқан көл.
3 - топ 1) Миссисипи өзенінің ірі саласы.
2) 45 с. е. 83 б. б. орналасқан көл.
4 - топ 1) 46 с. е. орналасқан Тынық Мұхит алабының өзені.
2) Солтүстік поляр шеңбері басып өтетін көл.
3) Сергіту сәті.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған.
4) «Керісінше» ойлау стратегиясы.
«Егер Солтүстік Америкада су болмаса қандай жағдай
болар еді?» - әр топ өз жауабын береді.
5) «Кім тапқыр?» семантикалық карта.
Нысандар өзен Көл шығанақ бұғаз түбек арал
Гурон +
Миссисипи +
Лабрадор +
Гренландия +
Мексика +
Беринг +

6) Мақал - мәтелдердің мағынасын ажырату.
1 - топ Сулы жер - нулы жер.
2 - топ Су ішкен құдығыңа түкірме.
3 - топ Судың да сүрауы бар.
4 - топ Ағын су тоқтамай, тіршілік тоқтамайды.
5. Бекіту. ИНСЕРТ кестесі.
Білемін Білдім Білгім келеді
6. Үйге тапсырма беру.§ 32 Кескін картаға ірі өзендерді,
көлдерді белгілеңдер.
7. Бағалау. Смайлик арқылы өзін - өзі бағалау, топ бірін – бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы.
7 125
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Солтүстік Американың климаты. Күнделікті сабақ жоспары
Солтүстік Американың климаты. Күнделікті сабақ жоспары
Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің География пәні мұғалімі Тілеп Жаңылсын
Америка дүние бөлігіне саяхат
Америка дүние бөлігіне саяхат
Биология және география пәні мұғалімі Зарипова Гаухар Адилбековна
Еуразия материгінің ішкі сулары
Еуразия материгінің ішкі сулары
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна
Солтүстік Америка
Солтүстік Америка
Қызылорда қаласы, №136 Т. Жүргенов атындағы география пәні мұғалімі Мөлдір Нысанбай Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×