Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Америка Құрама Штаттары

18 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: География
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі ( 2 минут)

Студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгелдеу.
2 Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
1) Шығыс Еуропа елдерін ата (Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония, Албания, Польша, Латвия, Литва, Эстония)
2) Шығыс Еуропадағы халқы көп ел (Польша 38, 5 млн)
3) Шығыс Еуропадағы халқы аз ел (Эстония 1, 3 млн)
4) Шығыс Еуропаның ең басты көлік түрі (теміржол)

3 Жаңа тақырыпты түсіндіру (20 минут)
Мұғалім: Бүгінгі біздің сабақ конференция түрінде өтеді. Конференцияға топ студенттері. Олардың ішінде: тілшілер, журналист, экологтар, АҚШ - тан келген қонақтар.
Осы кісілердің баяндамаларын тыңдап, журналист, тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып, біз АҚШ елімен танысамыз. Бұл елді жете білуге тырысамыз.
Ал, журналисттер өздерінің жазатын мақаласының тезисін жазуға келген. Ендігі сөз, бізге АҚШ - тан келген қонақтар не дайындап әкелгенін тыңдап көрейік.
АҚШ - тан келген қонақтар баяндамасын оқиды.
Америка Құрама Штаттары
1 қонақ: Америка Құрама Штаттары – дүниежүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі. Ол жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орында. Мемлекеттік құрылымы жөнінен АҚШ 50 штаттан, ел астанасы – Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералды округінен тұратын федерациялық республика болып табылады. Республиканы президент басқарады, ол 4 жыл мерзімге сайланады. АҚШ 5 сағаттық белдеуде орналасқан.
2 қонақ: 16 ғасырда Солтүстік Америкаға еуропалықтар қоныс аудара бастады. 1607 жылы қазіргі АҚШ жеріндегі Виргиния штатында алғашқы қоныстар пайда болған. Массачусетс шығанағы жағалауына ағылшын қоныс аударушылары келіп жетті. Осы аймақта пайда болған Жаңа Англияның тұрғындары янки деп аталады. Виргиниялық жер иеленуші Джордж Вашингтон басқарған азаттық үшін күрес 1776 жылы 4 шілдеде жаңа мемлекет – АҚШ пайда болуымен аяқталды.
3 қонақ: Батыста Кордильера тау жүйесі орналасқан. Кордильераның ел аумағындағы ең биік нүктесі – Мак - Кинли тауы (6193м). Шығысында аласа Аппалач тауы орналасқан. Елдің орталық бөлігінде Ұлы және Орталық жазықтар жатыр. АҚШ жеріне табиғат апаттары жиі болып тұрады. Жер сілкіністері, торнадо. Ең ірі өзені – Миссисипи.
4 қонақ: АҚШ халқы 317, 7 млн адам. Халқы саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейінгі үшінші орында. Туу өте төмен. Орта ұзақтығы ер адам – 76 жас, әйел – 81 жас. АҚШ көп ұлтты ел. Діни құрамы да өте күрделі. Ел аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. АҚШ халқының орташа тығыздығы жөнінен он сегізінші орында. 81 пайызы қалада тұрады. Үлкен 3 мегалополис бар: «Босваш», «Чипиттс», «Сан - Сан».
5 қонақ: Шаруашылығы жедел өсуде. Елде металлургия, отын - энергетика, машина, электрондық және электр техникасын жасау өнеркәсібі, химия, жеңіл өнеркәсіптері күшті дамыған. Табиғи газ өндіруден 1 орын алады. АҚШ та 20 штатта автомобиль шығарылады. Автомобиль астанасы – Детройт. Монтана, Солтүстік Дакота, Оклахома, Канзас, Колорадо штаттары орналасқан жер «бидай белдеуі», Орталық жазық «жүгері белдеуі», Мексика шығанағы жағалауы «мақта белдеуі», Ұлы көлдер маңы мен солтүстік – шығыс штаттар « сүт белдеуі», Ұлы жазықтар мен батыс штаттар «мал шаруашылығы белдеуі» орналасқан.
Баяндамадан кейін тілшілер (екі тілші ) қонақтарға сұрақтарын қоя бастайды.
1 тілші:
1) АҚШ қайда орналасқан? (Солтүстік Америка құрлығында)
2) АҚШ неше штатты тоғыстырып тұр? (50 штаттан, оның 48 шоғырлана, ал 2 алшақ орналасқан).
3) АҚШ - тың жер көлемі, халқының саны қанша? (9, 5 млн ш. ш., 317, 7 млн адам).
4) Табиғат ерекшелігі қандай? (Атлант пен Тынық мұхиттарының арасында орналасқан АҚШ елі бірнеше уақыт белдеулеріне бөлінеді. Алып жатқан аумағының үлкендігіне байланысты АҚШ жерінің климат жағдайлары да алуан түрлі.).
2 тілші:
1) АҚШ - та қандай өзендер бар? (Миссисипи, Миссури, Рио - Колорадо және Рио - Ганде)
2) Ұлы көлдерді АҚШ - тың «үшінші теңіз жағалауы» деп аталуы неліктен? (Әулие Лаврентий өзені арқылы Ұлы көлдер жағалауындағы теңіз порттарынан Атлант мұхитына тікелей шығуға болады.)
3) Қандай мемлекеттермен экономикалық қарым - қатынаста? (Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ - пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90 - жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді).
(Журналист осы кезде кластер түрінде тезисін құрай береді.)
Мұғалім: Сіздер мақалаңыздың тезисін жасаңыздар.
Мұғалім: Міне, Америка Құрама Штаттарымен танысып жатырмыз. АҚШ - тың қайда орналасқанын, табиғатының ғажайып кереметтігін. Ал енді, АҚШ - тың экологиялық жағдайы қандай екен? Экологтардың пікірін тыңдап көрейік.
Эколог: (Баяндамасын оқиды)
Қазақстан мен АҚШ экология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр. Қазақстан мен Американың табиғат қорғау ведомстволарының арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау, табиғат қорғау заңын бұзғандарға санкция қолдану бойынша тәжірибе алмасу, Қазақстан аумағын зиянды қалдықтардан тазарту жөніндегі жобаларға АҚШ мамандарының қатысуы.
АҚШ экологиялық жағдайының нашарлау себебі — химия өнеркәсібінің және машина жасау өнеркәсібінің жоғары қарқынмен дамының нәтижесінде өндіріс қалдықтарының көбеюімен түсіндіріледі. Және де бұл жерде Невада штатында атомдық жарылыс жасалған, соның зардаптары әліде болса күшін жоймай тұр.
Мұғалім: Рахмет баяндамаңызға. Мұнда тілшілер жағынан сұрақтар туындады.
Тілшілер:
1) АҚШ - тың ең биік нүктесі (Мак - Кинли шыңы)
2) АҚШ - тың автомобиль астанасы? (Детройт)
3) АҚШ - тың табиғатына машина жасау саласының қаншалықты зияндылығы туралы айтып беріңізші.
Мұғалім: Бүгінгі конференциядағы қонақтардың арқасында біз АҚШ - пен таныстық. Ендігі сөз журналистке берейік.
Журналист: (тақтаға шығып жазады: кластер, оқушылар дәптерлеріне жазып алады).
Бүгінгі тақырыптың тезисі осындай: «Америка Құрама Штаттары – Американың ең жоғары дамыған мемлекеті».
Мұғалім: Баяндамаңызға көп рахмет. Халқымыз жерді аса құрмет тұтып, оған бас иген. Біздің бұл әрекетіміз Қазақстанның серіктесі болып саналатын АҚШ елін тану. Әрине, бізде сол Америка Құрама Штатындай ең жоғары дамыған елдер қатарына қосыламыз. Өзіміздің қоршаған ортамызды таза ұстап, дамыған 50 елдің қатарынан табылу өз қолымызда. Табиғатты аялайық!

4 Жаңа сабақты бекіту (5 минут)
«Кім жылдам?» ойыны арқылы барлық сынып ұжымы жұмыс істейді. Студенттерді жылдамдыққа, алғырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
1. Дүниежүзі бойынша АҚШ өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінен нешінші орында? (1)
2. Өнеркәсіп тауарларын шығарудан әлемнің кез келген мемлекетімен бәсекелестік қабілеті. (Жоғары)
3. АҚШ - тың дүниежүзілік нарықтағы дәстүрлі өнеркәсіп саласы. (Автомобиль жасау)
4. АҚШ - тың автомобиль компанияларын ата. (Дженерал Моторс, Крайслер, Форд Моторс)
5. Авиациялық техника жасаудан нешінші орында? (1)
6. Мұнай химиясының астанасы. (Хьюстон)
7. Қазақстандағы АҚШ - тың мұнай саласындағы компаниясы. (Шеврон, Тексако)
8. Кокстелінетін көмір алаптары. (Аппалачта)
9. Телекоммуникациялық жабдықтар, микросұлбалар жасаудан нешінші орында? (2)
10. Сиэтл қаласында 1916 жылы қандай зауыт салынды? (Боинг)
11) АҚШ - ғы ең биік ғимарат?(«Сирс Тауэр»)
12) АҚШ - тың әскери - өнеркәсіп орталығы? ( Калифорния)
13) «Кока - кола» фирмасы орналасқан қала? (Атланта)
14) Әйгілі Голливуд «Кино фабрикасы» қайда қалада орналасқан? (Лос - Анджелесте)
15) Ірі көл маңы мегаполисін ата. («Чипиттс»)
16) Мұнай байлығымен әйгілі штат? (Техас штаты)
17) Кино жұлдыздары тұратын атақты ауданы? (Беверли - Хиллз ауданы)
18) Хьюстонда АҚШ - тың ғарышқа ұшу барысын басқару орталығы? (НАСА)

5 Бағалау (2 минут)
Өткен сабақ бойынша және жаңа сабақ бойынша жауап берулерімен бағаланады.
6 Үйге тапсырма ( 1 минут)
Америка Құрама Штаттары
4 902
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбритания – Елтаңбасы Ұлыбританияның Туы (слайд, суреттер) Біріккен Корольдік деген атына қарамастан, Ұлыбритания федерация емес, унитарлы мемлекет. Ұлыбритания 4 тарихи провинцияға: графтықтар мен Үлкен Лондоннан тұратын Англия, графтықтарға
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Шығыс септік
Шығыс септік
Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Умиралиева Молдир Балгабаевна
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×