Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Дене және табиғаттағы заттар" тарауын қайталау

23 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: География
Ашық сабақ 5 - сынып
Пәні: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Дене және табиғаттағы заттар тарауын қайталау.
Қайталау - оқу анасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: “Дене және табиғаттағы заттар” тарауын қайталау, жинақтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Сабақ беру әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс, тәжірибе жасау.
Топпен жұмыс, жекелей және жалпы сыныппен.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тәжірибе жасауға қажетті заттар, буклет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Кабинеттің, сынып оқушыларының сабаққа дайындықтарын тексеріп, сабақты бастау.

Сынып оқушылары 2 - топқа бөлінеді.
”Күш” тобы. Ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда».
“САЛМАҚ” тобы. Ұраны «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды».

ІІ. Өткен материалды қайталау жұмыстары.
І. Білім сайысы. Өткен сабақтан жалпылама сұрақтар
1. Физикалық дене деген не?
2. Зат деп нені атайды? Табиғаттағы заттар қандай күйде кездеседі?
3. Жарық деген не?- Біздің көзіміз қабылдай алатын аз ғана бөлігі көрінетін сәуле шығару
4. Ауа таза зат па, әлде қоспа ма? Өмірде таза зат кездесе ме?
5. Табиғатта қандай күштер бар?

Сөзжұмбақ «Қайталау оқу - анасы»
1. Физикалық дененің құрамдас бөліктері. (Зат)
2. Алау, шам, электр лампасының жарығы. (Жасанды)
3. Жұлдыз, күн, кейбір жануарлардың жарығы. (Табиғи)
4. 1 дене 2 - шң денеге әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама (Қысым)
5. Табиғатта болатын барлық процестер. (Құбылыс)
6. Қысымды өлшейтін құрал. (Барометр)
7. Топырақтың құнарлылығын арттыратын зат.
8. Қазақстандағы қала. (Ақтау)
9. Жылуды тез өткізетіндерге нелер жатады. (Металдар)
10. Электрлену құбылысын зерттеген ғалым. (Милетский)
11. Жерді, күнді планеталарды өз орбитасында ұстап тұрған күш. (Тартылыс)
12. Энергияның белгілі бір пішіні (Алау)

Сәйкесін тап
1. Химиялық құбылыс 1. Найзағай, күннің күркіреуі т. б.
2. Электромагниттік құбылыс 2. Жауын - шашынның түсуі, желдің соғуы т. б.
3. Дыбыс шығару құбылысы 3. Сүттің іруі, өсімдік пен жануарлар қалдықтарының шіруі
4. Метеорологиялық құбылыс 4. Машина, үй, жиһаз, ойыншықтар т. б
5. Физикалық дене 5. Құстардың сайрауы, желдің гуілі, сағаттың соғуы т. б.
Жауаптары:

Сәйкесін тап
1. Қозғалысқа түскен кез келген дененің жылдамдығын тежейтін күш 1. Микроскоп
2. Кішкентай заттарды үлкейтіп көрсететін құрал 2. Үйкеліс
3. Қысымды өлшейтін құрал 3. Су
4. Сутегінің екі атомынан Оттегінің бір атомынан тұрады4. Барометр
5. Денелердің температурасын немен өлшейді5. Молекула
6. Заттардың ең кіші бөлшектері 6. Термометр
7. Ауаға тараған әтір иісі 7. Жайылу
8. Диффузияның латынша атауы 8. Диффузия
Жауаптары:
Үйкеліс түрлері:

Жұмбақтар:
1. Қаһарын тіге келеді
Төріңе шыға өледі (Үйге кірген суық)
2. Ашуланып бұртиды
Ашушаң ақымақ
Ауызы көпіріп құтырды
Кез келгенді ұшырды (Құйын)
3. Әуеден күбі түсті
Күбінің түбі түсті (Күннің күркіреу)
4. Көк жүзінде көп жолақ
Қойды екен оны кім бояп? (Кемпірқосақ)
5. Мөлдір моншақ өзі жұмсақ (Шық)
6. Түбі тесік шелектен
Cу тамшылап тұрғандай
Басталып еді ол еппен
Ақтарылды түк қалмай (Жаңбыр)
7. Қағазсыз - ақ, қаламсыз - ақ
Сурет салар адамға ұқсап (Аяз)
8. Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіңе назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (Глобус)
9. Ыстық суықты өлшейді
Сынаптың титтей бөлшегі (Градусник)
10. Таудан керуен құлап келеді
Ағыл - тегіл жылап келеді. (Бұлт)

Ұлы тұлғаны тану
1. И. Ньютон - осыдан 300 ж бұрын Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.
2. Ф. Милетский - Ежелгі Грекияда электрлену құбылысын зерттеумен шұғылданды.
3. Э. Торричелли - Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген итальян ғалымы
4. Джозеф Пристли - Алғаш рет оттегін алып, оның қасиеттерін зерттеген ағылшын
ғалымы
Жасырын сөздер
1. Латын тілінен аударғанда “Таралу, ыдырау, жайылу” деген мағынаны білдіреді. Диффузия
2. Дененің жылдамдығын бір қалыпты тоқтаусыз сақтауы Инерция
3. Дененің кеңістіктегі орнын ауыстыруын қозғалыс деп, ал қозғалыс болып өткен сызықты траектория деп атайды.
4. Дененің қозғалыс басындағы және аяғындағы нүктелерін қосатын траекторияның ұзындығын жол деп атайды.
Кім тапқыр
1. Барометр – қысымды өлшейтін құрал
2. Термометр – Дененің температурасын өлшейтін құрал
3. Децибел - Дыбыстың қаттылығын өлшейтін құрал
5. Н2О - су
6. Күш - денелердің әсерлесуін сипаттайтын физикалық шама.
7. Дыбыс - Тербелістің ауада таралуы
8. Камертон - Өте таза дыбыс шығаратын арнайы дыбыс көзі
Сергіту сәті:
1. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отыруы мүмкін?
Жауабы: Су ағаштың түбінде
2. Адам бөлменің ішінде болғанда қай уақытта оның басы болмауы мүмкін?
Жауап: Терезеден басын далаға шығарып қарағанда
3. Айналасындағы заттарға екі көзімен бірдей қарай алатын құс (Үкі)
4. Дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс ((Бүркіт)
5. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
6. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір - бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6 бала)
7. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 )
8. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? (түйеқұс ұшпайды)

Өз орнына қой
(халықтық педагогиканы пайдалану арқылы мақал мәтелдерді физикалық тұрғыда мағынасын тауып өз орнына қою керек)

Диффузия Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді.
Қозғалыс Басында миы жоқтың, аяғына дамыл жоқ
Инерция Тамшы тас жарады
Кенет трамвайдың жүрісі кілт баялағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздады
Шапшаң жүргенге шаң жұқпас
Алған бағыттан алаңдамай еңбек етсең аз күшпен, көпке жетесің

V. Сабақты қорытындылау: Өзін - өзі тексеру кезеңі.
Тест жұмысы:
1. Судың неше күйі бар?
А) 4
Б) 3 +
В) 2
Г) 5
2. Қалыпты атмосфералық қысым
А) 760мм +
Б) 750мм
В) 770мм
Г) 780мм
3. Қашар, Лисаков, Соколов – Сарыбай қандай кен орындары?
А) темір +
Б) көмір
В) алтын
Г) мыс
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым
а) Ф. Милетский
б) Г. В. Рихман
в) М. В. Ломоносов
г) И. Ньютон +
5. Сәуленің біздің көзіміз қабылдай алатын аз ғана бөлігі;
А) жылау
Б) қозғалыс
В) жарық +
6. Табиғи жарық көзі:
А) күн, поляр шұғыласы +
Б) найзағай, теледидар жарығы
В) жұлдыз, от, шам;
7. Жасанды жарық көзі:
А) күн, теледидар жарығы
Б) жұлдыз, от, шам;
В) электр жарығы, шырағдан +
8. Оптикалық құралдардың негізгі бөлігі:
А) спектр;
Б) перископ;
В) линза. +
9. Жылу құбылыстары;
А) қайнау, булану, конденсациялану; +
Б) булану, сыну, өткізу;
В) булану, өткізу, сіңіру.
10. Дыбыстың қаттылығын немен өлшейді?
А) резонатор;
Б) камертон;
В) децибел (дБ) +
VI. Үйге тапсырма: тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз
VII. Бағалау: Сабаққа жақсы араласып, белсенген оқушыларды бағалаймын

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Гидросфера тарауы
Гидросфера тарауы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі» ММ география пәнінің мұғалімі Самешова Күляш
Квадраттық функция тарауын қайталау
Квадраттық функция тарауын қайталау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Гидросфера тарауын жинақтап қайталау
Гидросфера тарауын жинақтап қайталау
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі: Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің математика пән мұғалімі: Нұрымбетова Инкар Атымтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×