Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні

11 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Кіріспе
Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:
1. Оңтүстік сөйленістер тобы
2. Батыс сөйленістер тобы
3. Шығыс сөйленістер тобы
4. Орталық - солтүстік сөйленістер тобы.
Бұл барлық аймақтардың өзіндік жергілікті ерекшеліктері барын айтып кеткен. Осы жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін сала диалектология деп аталады.
Диалектология - зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай: сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның ішінде лексикалық ерекшеліктерге жататын сәйкесті және сәйкессіз диалектілер енеді. Ал менің баса назар аударатын диалектілердің ішінде сәйкесті диалектілер.
Сәйкесті диалектілер – әр түрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Неге біз бір затты, ұғымды бірнеше атаулармен атауымыз керек, оның нақты бір жүйеге келген ұлттық тілге жататын нормасы болуы керек деген сұрақтар туындады. Мысалға алсам, Солтүстік Қазақстан облысының екі түрлі ауданынан тұрғындар кездесіп қалды дейік. Бірі - екіншісінен «тақ» сұрайды. Ал, екіншісі оның не сұрап тұрғанын түсінбейді. Екеуі де бір облыста тұрады, сонымен қатар, екеуінің де ұлты – қазақ. Ұлттық тілі – қазақ тілі, бірақ, бірін - бірі түсінбей тұр. Бұл сонда не болғаны? Тілімізге төнген қауіп қой?! Сол себептен де, ғылыми жобамның тақырыбын «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» деп алдым.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының диалектологиясымен терең танысып, диалектизмдердің өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, СҚО бойынша әр жерде әр түрлі аталатын, бірақ, бір ғана ұғымды білдіретін диалектизмдерді жинақтай отырып, мағынасын зерттеп, сөздің шығу тарихын ашып, әдеби тілге жақынын ортақ атау ретінде жалпы халыққа ұсыну.

Зерттеудің міндеттері:
 Диалект сөздердің жергілікті өзіндік ерекшеліктерін анықтау, жеке топтарын жіктеу;
 Лингвомәдени деректі диалектизмдерді этимологиялық жағынан талдау жасау;
 Көркем шығармаларда кездесетін диалектизмдердің ерекшеліктерін анықтау;
 Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін анықтау;
 Әдеби тілге жақын түрін анықтау.

Өзектілігі: Диалектілердің көбеюі ұлттың тұтастығы үшін аса қауіпті. Қазір қазақ тілінде диалект пайда болып қана қоймай, қолданыс аясы кеңейіп барады. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренулеріне қолайсыздық тудырады деп ойлаймын. Сөздердің жақындығы – ұлттық жақындыққа әкеледі. Жаңадан жасалған сөздердің дұрыстығын халық айтады. Ал егер ол зерттелмей бекітілсе, ұлт тілінің мәртебесінің көтерілуіне бөгет болуы әбден мүмкін. Бір ұлттың ішінде атаудың ортақ болуы ұлттық бірлікке әкеледі. Тіліміздің иесі біз емес пе?! Өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан мен өзімді ойландырған, сауал тудырған сөйленістерді жинақтап, зерттеп, оны жалпы халыққа ұсынып отырмын.
Атауларды алдын ала жарияламай, сынға түспей, халықтың талқысына салынбай жүрген диалектілер, сөйленістер өздерінше тауып алып шығару баршылық. Сонда зиянның көкесі диалектіні көбейту емес пе?! Егер біздің тілімізде диалектілер мен сөйленістер көп болса, адамдар бір - бірін дұрыс түсінісе алмай, ұлттық тілімізден жұрдай болып, әдеби тілімізді сақтап қала алмайтын күйге жетерміз.
Болжамы: Егер сөйленістерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, әрбіреуінің мағынасын аша отырып, әдеби тілге жақынын тапсам, оны ортақ атау етіп барша халыққа ұсынар едім.
Зерттеудің әдіс – тәсілдері: Қазақ тіліндегі диалектілік лексикалардың қолданылу себебін анықтап, оның ішінде әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған жеке атаулық мағынаға ие болып, қазіргі заман талабына, яғни тілдік норма талаптарына сай келетін диалектизмдерді айшықтап, ажыратып көрсету. Зерттеу барысында салыстыру, талдау, жинақтау, баяндау, сипаттау және кей тұстарда тарихи - этимологиялық зерттеу әдістері қолданылады. Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру байқау тәсілі (алдын ала жалпы байқау, тікелей байқау), сұрақ қою тәсілі.
Практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған деректерді диалектологиялық атлас, диалектологиялық сөздік жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңашылдығы: Зерттеуде жергілікті диалектизмдердің бір облыс ішінде айырмашылықтары айқындалып, оның әдеби тілде қолданылу сипаты көрініп отыр.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі, практикалық бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім
2. 1 Диалектология туралы жалпы түсінік
Жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпыхалықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпыхалықтық тіл
арнасымен астасып жатады да, кейбір дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Жергілікті
ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы диалектология (диалектос – сөйлеу, сөйленіс; логос – ілім ) деп аталады.
Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз жергілікті жерде басқаша айтылуы мүмкін. Мысалы, қоңсы - көрші, сой - тұқым, оздыру - өткізу.
Әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше нұсқасы кездеседі: үлкен - дырау, нән, нәнбай, дығал, дөкей, әйдік, жоян, ноян,
сомбал, шанбол, чоң, шоң.
Диалектілік ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі: шәш - шаш, айқыра - айқара, кербаз - кербез, мәртаба - мәртебе.
Сондай - ақ сөз тіркестерінде де кездеседі: зыбан ұру – әлек салу, ілкі әзірде – алғашқы кезде.
Халық, я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, жалпыхалықтық әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әртүрлі болып келеді. Белгілі бір кезеңде әдеби тіл қабылдап, оның қолданылу нормасына айналып, тұрақталып, жалпыхалықтық сипат алған ерекшеліктерімен қатар, әдеби тілді қабылдамай, одан тыс қалып отыратын диалектілік ерекшеліктер, қарапайым сөздер, жаргондар, варваризмдер, кітаби тіл элементтері де бар.
Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне
тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің тармақтары.
Жергілікті ерекшеліктер 3 топқа бөлінеді:
1. Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, дыбыстардың жуан - жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты. Мысалы: пысқан - піскен, құлдану - қолдану, маңлай - маңдай, чақыру - шақыру.
2. Грамматикалық ерекшеліктер. Сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты.
Мысалы: оңтүстікте бұйрық райдың барғын, келгін тұлғалары кездеседі.
3. Лексикалық ерекшеліктер. Бір нәрсенің атауы не оның сын - сапа қимылының әр жерде әртүрлі аталуымен байланысты болады. Мысалы:
иінағаш - әпкіш, күйенте, құрамыс, мойынағаш т. б. Осы 3 топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, лексикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады.

Аққайың ауданы, Смирнов №3 орта мектебінің
10- сынып оқушысы Тұрсынәлі Ләззат Бақытқызы
Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Исмакова Ғалия Серікқызы
Ғылыми жетекші: филология магистрі: Алпымова Мақпал Саркенқызы


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
32 096
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен түсініктеме
Қазақ тілінен түсініктеме
Лексика (грек.) - “сөздік қор” Лингвистика (латын) – тіл білімі
Қазақ тілі пәнінен ОЖСБ - ға дайындық жұмысына арналған қосарланған сабақтың жоспары. Лексика
Қазақ тілі пәнінен ОЖСБ - ға дайындық жұмысына арналған қосарланған сабақтың жоспары. Лексика
Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Диалект сөздер
Диалект сөздер
Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді.
Маңғыстау диалектілерінің сөздік қорды дамытуға қосатын үлесі
Маңғыстау диалектілерінің сөздік қорды дамытуға қосатын үлесі
Диалектілік өзгерістерді фонетика, лексика, грамматика саласымен тығыз байланыста қарастыру, оның өзіне тән ерекшеліктерін толық көрсетуге мүмкіндік береді. Профессор Хасан Кәрімұлы Мұхамбет «Диалектологияға» қатысты еңбектерінде диалектілерінің осы
Газет. Жергілікті газеттер
Газет. Жергілікті газеттер
Сабақтың тақырыбы: Газет. Жергілікті газеттер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×