Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Металдар" тарауын қайталау

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
“Металдар” тарауын қайталау тақырыбы бойынша химиктер сайысы
Сабақтың мақсаты: Металдар тарауын қайталау
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Сабақтың әдісі: Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Химиялық реактивтер / мырыш, фосфор қышқылы, темір шеге, мыс сульфаты /
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, қазақ тілі, география
Сабақ басында сынып оқушылары үш топқа бөлініп, топтың атын және ұранын айтады. Әділқазылар алқасы сайланып әр бөлімнің нәтижесін шығарып отырады. Сайыста жеті баспалдақ берілген, топ оқушылары әр баспалдаққа көтерілген сайын әртүрлі тапсырмалар алып отырады.

Білімді игеруге бағытталған 7 қадам.
1. Кім жылдам
2. Мақалды жалғастыр
3. Химиялық эстафета
4. Ойлан тап
5. Жұмбақты шеш
6. Тәжірибе
7. Картамен жұмыс

Бірінші қадам: «Кім жылдам». Берілген сұраққа тез әрі дұрыс жауап айтылуы керек. Бұнда барлық топ оқушылары жауап береді.
1) Адам алақанында балқитын металл?
2) Қанның құрамына кіретін металл?
3) Ең созылғыш металл?
4) Консерві қалбыры қандай металдан жасалады?
5) Ең жеңіл металл?
6) Тығыздығы ең көп металл?
7) Гипс құрамында қандай металл болады?
8) Темірдің маңызды құймаларын ата?
9) Сұйық металл?
10) Аса бағалы металдар?
11) Екідайлы қасиет көрсететін металл?
12) Ең қатты металл?

Екінші қадам: Металдар туралы мақал - мәтелдер айту. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, мақалды айту керек.
1 - топ.
... еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер
2 - топ.
От көмірді жейді,
... темірді жейді
3 - топ.
Ескі мата бөз болмас,
Ескі... біз болмас

Үшінші қадам: “Химиялық эстафета” Әр топтан бір оқушыдан шығып, бірінші тапсырманы орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп барлық айналулар іске асқанша бір - біріне эстафетаны беріп отырады.
1 - топ. Ca→CaO→Ca(OH) 2→CaCO3
2 - топ. Fe2SO4 →Fe(OH) 2→FeO →Fe
3 - топ. Zn → Zn O → Zn CL2 → Zn(OH) 2
Электрондық деңгейде электронның орналасуын жазыңдар.
1 - топ. Кальций
2 - топ. Магний
3 -топ. Алюминий

Төртінші қадам: Ойлан тап. Топ оқушылары орындарында отырып, берілген есепті шығарып, бір оқушы тақтаға жазады.
1- топ. 20 грамм натрий гидроксидін тұз қышқылымен араластырғанда неше грамм тұз түзіледі.
2 - топ. Массасы 48 грамм алюминийді оттекпен әрекеттестіріп, алюминий оксидінің массасын табыңдар.
3 - топ. Массасы 43 грамм кальций оттекпен әрекеттескендегі кальций оксидінің массасын есептеңдер.

Бесінші қадам: Жұмбақты шеш
1 - топ. Менделеев ауылының 6 - шы көшесінде тұрамын.
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.
Мені балқыта алмай, қиналды көбісі,
Қазақстан әлемде, кенім жөнінен біріншісі.
2 - топ. Қыздырып соқсаң иленеді
Балға мен төстен именеді.
3 - топ. Ақ түйір айналады тыным таппай
Жүргендей су бетінен орын жақпай.
Аздан соң суға сіңіп жоқ болады
Оқушым ал ойланғын қойма таппай?

Алтыншы қадам: Тәжірибе.
Мұғалім ең алдымен оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады.
1. Темір мен мыс сульфатының әрекеттесуі.
Нәтиже: Темір шегені мыс сульфаты бар ерітіндіге біраз уақыт салып қойғанда мыс түйіршіктері темір шегенің сыртына шөгеді де, шегенің ерітіндіге салынған бөлігі қызғылт түске боялады.
2. Мырыш пен фосфор қышқылының әрекеттесуі.
Нәтиже: Мырыш түйіршігін фосфор қышқылының ерітіндісіне салғанда реакция жүріп мырыш ери бастайды. Реакция нәтижесінде сутек газы бөлінеді. Газдың бөлінгенін сынауыққа сіріңкені тұтатып апарса, «пах» деген дыбыс шыққаннан білеміз.
Жетінші қадам: Картамен жұмыс.
Қазақстандағы металл кендері және металл өндірісі аймақтарын картадан табу.
Әр топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген металдың кен орындарын картадан тауып, өндіріс атауын айту керек.
1 топ. Алтын
2 топ. Темір
3 топ. Мыс
Әділқазылар алқасы сайыстың нәтижесін шығарғанша, бір оқушы элементтердің ашылу тарихы туралы мәлімет оқиды.
Элементтердің ашылу тарихы
1. Алтын адам баласына тас дәуірінен белгілі.
2. Күміс б. ғ. д. 2500 жыл бұрын табылған. Америка мен Австралиядан 1874 жылы Еуропаға әкелінген.
3. Қалайы Қола дәуірінен белгілі. Ежелгі Мысырдан 4000 жыл бұрын табылған.
4. Темір адамзат қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент.
5. Мыс 9 - 10 мың жыл бұрын Кипр аралынан өндірілген.
6. Сынапты алғаш қытайлар мен үндістер пайдаланған. Грек дәрігері Диоскрид “хидр” – “су”, “аргирос” – “күміс, сұйық күміс” деп атаған.
7. Қорғасын біздің заманымыздан 3 - 4 мың жыл бұрын Мысыр, Римнен табылған.
Әділқазылар алқасы сайыс нәтижесін шығары, ең көп ұпай жинаған топты марапаттайды.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың.
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай. (Абай)
8 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептер шығару
Есептер шығару
Металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Мыс және мырыш қосылыстары
Мыс және мырыш қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Химиядан сабақтар топтамасы
Химиядан сабақтар топтамасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1қазақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Бисембаева Зоя Жексембайқызы
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×