Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қанатты металдар

28 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Химия
Химия пәні бойынша – 9 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Қанатты металдар»
Сабақтың мақсаты: Металдардың құрылысы, қасиеттері, бір - бірінен ерекшелігі, өмір мен тұрмыстағы, техникадағы қолданылуы жөніндегі оқушылардың білімін тереңдету, химия пәніне қызығушылығын, металдар жөніндегі танымдық қабілеті, ой - өрісін дамыту, оқушыларды шешендікке, тапқырлыққа баулу, елін, жерін сүйіп, мақтаныш тұту рухына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «СТО» технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, буклет - «Әшекейлі бұйымдар.», тірек – сызбалар, суреттер, видео таспа т. б. көрнекіліктер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, оқушыларды түгендеу.

ІІ. «Қызығушылықты ояту» кезеңі.
1.«Ой шақыру» стратегиясы.
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол аладарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз - химяны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Химияның әлемі - қызық әрі тартымды,
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға көз ашып,
Таңытарсыңдар табиғаттың ғажабын.
Химияда болады көп ертегі,
Салт - дәстүрмен келе жатқан ертелі,
Химия - біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізі бір саласы -
Химиямыз мәңгі - бақи жасасын!- дей отырып ашық сабағымызды бастаймыз.

ІІІ. «Мағынаны тану» кезеңі.
2. «Ойлан да тап» стратегиясы.
Оқушыларға сұрақтар оқылады.
1. Адам алақанында балқитын металл.(цезий)
2. Қанның құрамына кіретін металл.( темір)
3. Тынайтқыш ретінде қолданылатын металл.(калий)
4. Дұрыс пайдалаңсан емдейді, ал бұры с пайдалансаң мүгедек етеді.(мышьяк)
5. Өнеркәсіптің негізгі металы(темір)
6. Ең созылғыш металл.(алтын)
7. Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті металға теңеген. Осы металдарды атаңдар. ( алтын, күміс, мыс, темір қалайы, қорғасын, сынап.)
8. Консерві металы қандай металлдан жасалған.(қалайы)
9. Қандай металды Чернышевский «Социализм металы» деп атаған.
(алюминий)
3. «Әлемді шарлау» стратегиясы бойынша видео таспа көрсетіледі. Алтын адам таспасы.
4. «Еркін жазу» стратегиясы. Оқушыларға сөз беріледі.
1. Мыс - Алия; 2. Алюминий - Гулжан; 3. Темір – Аслан;
4. Никель - Анель; 5. Күміс – Тұғанай; 6. Алтын адам – Анель;
7. Қазақстан темірі - Мөлдір; 8. Қазақстан металлургиясы - Зарина, Жасқайрат.
5. «Топтастыру» стратегиясы - барлық металдар бойынша сөзжұмбақ шешіледі.

Сөзжұмбақ «Металдар»

1. Күмістей ақшыл, женіл металл.
2. Мемлекет атымен аталатын элемент.
3. Магнитті қасиеті бар металл.
4. Сілтілік металл.
5. Бағалы металл.
6. Радиоактивті металл.
7. Ең ауыр металл
8. Оқтың құрамына кіретін металл.

Шешуі:
1. Магний. 2. Германий. 3. Темір. 4. Натрий. 5. Алтын. 6. Радий. 7. Қалайы. 8. Қорғасын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты кеш
Қызықты кеш
Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауға тәрбиелеу.
Жаратылыстану ғажайыптары
Жаратылыстану ғажайыптары
Биология пән мұғалімі, химия - биология - география пән бірлестік жетекшісі: Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Таза болса табиғат, аман болар адамзат (биология, химия және өзін-өзі тану пән бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Таза болса табиғат, аман болар адамзат (биология, химия және өзін-өзі тану пән бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі химия пәнінің мұғалімі Азат Сейылқан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×