Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты кеш

21 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Химия, биология, география пәндері апталығының тақырыбы: «Жаратылыс ғажайыптары»
Апталықтың ашылуы: Қызықты кеш
Мұғалім: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, білімді оқушылар! Бүгінгі жаратылыстану ғылымдарының апталығының ашылуына қош келдіңіздер! Бұл апталықтың мақсаты - химия және биология, география пәндеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауға тәрбиелеу.

Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық!
Бүгінгі апталық төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып...
Шабыттанып шалқысып.
Көңілді апталық жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай.
Бар өнерге басайық - дей отырып, келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарына берсек (ортаға биология, химия, география пәндері шығады).
География пәні:
Табиғаттың құпиясы тұңғиық.
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлейік қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орында өсиетін
О табиғат сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең, керемет ең!
Биология пәні:
Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып сала беру парыз ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де беретіні қарызға.
Химия пәні:
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқыңдар әр бөлімін.
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз - химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Жүрмейсің мұны білсең қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.
Кестеден түрлі - түстер көрінеді,
Бәрі де деңгейге сай өріледі,
Заң ортақ, период ортақ, топта ұқсас,
Заңдылық зарядтармен бөлінеді.

Мұғалім: Пәндерді бәрімізде білеміз, бұл пәндердің тіршілік пен тұрмыспен тікелей байланысты екені де белгілі. Жадыраған көктем мезгілімен келген апталығымызды мектебіміздің биші аруларының "Көктем" биімен ашсақ.
Мұғалім: Көктем мезгілінде күн жылып, құстар келіп, дала бұлбұлдай сайраған әуендерге толады. "1 сәуір құстарды қорғау күнін" атап өтпеу мүмкін емес. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен.

Мұғалім: Алдарыңызда 2 сынып жігіттерін көктемге, құстарға деген өлең шумақтарымен ортаға шақырамыз.
Жандарбек
Тірлікке жан кірді
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала сай сала, көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
Арман
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды.
Әділет
Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талды бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді менің тұрағым.
Мұғалім:
Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым
Қызыққа толы сұрақты
Алдарына тастаймыз,
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Химия, биология, география құрметтеуге лайық - деп кезекті мектеп психологына береміз. Тренинг
Мұғалім:
Күміс көмей, жез таңдай,
Ән салса бейне бұлбұлдай.
Бұлбұлдай ән шырқаса,
Қалмайды ешкім таңданбай.
Қазір сіздердің назарларыңызға "Химия" әнін ұсынамыз. Бұл әнді химия пәнінің гимні десек те қателеспейміз. Бұл әннің сөзін жазған Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің химия ғылымының кандидаты Ғалия Лайыққызы жазған. Ортада Мырзағұлқызы Гүлнафисті "ХИМИЯ" әнімен және 8 - 9 сынып оқушыларын химиялық көрініспен ортаға шақырамыз.

Қызықты кеш. жүктеу
21 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Химия, биология, география» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Математикалық поезд
Математикалық поезд
Мақсаты: • Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу; • Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу;
Жаратылыстану ғажайыптары
Жаратылыстану ғажайыптары
Биология пән мұғалімі, химия - биология - география пән бірлестік жетекшісі: Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×