Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Шымкент қаласы,
№70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Асанова Асемкул Ужетовна

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі.
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: оқушылардың Д. И. Менделеев жасаған периодтық заң бойынша алған білімдерінің деңгейін көтеру және шыңдай түсу.
дамытушылық: логикалық қабілет дамыту, ой - өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу. Өзін - өзі бақылау мен талдауды іске асыру.
тәрбиелік: дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын қалыптастыру, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Химиялық элементтердің Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі, интербелсенді тақта, слайдтар, бейнекөрініс, тесттер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясының қадамдары.
Пәнаралық байланыс: Физика, математика, биология, тарих.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу, психологиялық дайындық.
Ә) сыныпты топқа бөлу.
2. Білімді білу, түсіну (бағдарлау - мотивациялық кезең)
Топтар бір - біріне сұрақтар қояды.
3. Білімді қолдану ( орындаушылық кезең, ой тұжырымдамасы)
А) химиялық тренажер.
Б) Постер қорғау.
4. Білімді анализдеу.
Бейнекөрініс көрсету.(виртуальді зертхана)
5. Білімді жинақтау (шығармашылық кезең)
Ақылдының алты қалпағы.
6. Білімді бекіту.
Интервью - тест
7. Бағалау. Бірін - бірі әділ бағалау, нақты бағалау.
8. Үйге тапсырма: §16 қосымша мәліметтер элементтер жайлы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Ертеде бір хан болыпты. Сол хан хандығына баратын жолдың үстіне үлкен бір тас қойып, өзі сарайдың терезесінен не боларын қарап отырады екен. Таң атқаннан сол елдің ең бай саудагерлері, жолаушылар, хандықта жұмыс істейтін қызметшілері біртіндеп хандыққа келе бастайды. Жолда жатқан тас олардың жүруіне кедергі жасаса да, айналып өтіп жатты. Кейбірі ханның сыртынан қарап, алдындағы жолда жатқан үлкен тастың кедергі боп ыңғайсыздық туғызып тұрғанын да айтты. «Халықтан соншалықты салық жинаса да, жолдарды жөндей алмағаны қандай өкінішті» - деп талайы айтқанымен, ол тасты жолдан алып тастауды ешқайсысы ойламады. Бір уақытта бір жолаушы шаруа хандыққа жеміс, көкөністерді әкелді. Тар жолдан өтпек болып еді, үлкен тас кедергі болды. Ол өзгелер секілді айналып өткен жоқ. Сөмкелерін жерге қойып, тасты терлеп - тепшіп қозғай бастады. Жалғыз өзінің күші жетпесе де тырысып бақты. Өмірде де алдымыздан кесе - көлденең болар мәселелерді айналып өтеміз, немесе оны сылтауратып, басқа жолмен жүруді жөн көреміз. Бірақ та кездескен кедергіні жолымыздан алып тастағанда ғана жақсылыққа кенеле алатынымызды көпшілігіміз ұға бермейміз - ау. Сондықтан балалар сол жолаушыға тасты кедергіден құтылу үшін жәрдем берейік. Жәрдем беру үшін бізге не қажет? Күш қажет. Күш дегеніміз энергия. Оны қайдан аламыз? Әрине шоколадтардан аламыз Үш түрлі шоколадтар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Топтарда топ басшысын сайлайды және бағалау парағын топтарға таратып береміз..

2-кезең. Білімді білу, түсіну (бағдарлау - мотивациялық кезең)
Топтар бір - біріне сұрақтар қояды.(өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қояды)

3 - кезең. Білімді қолдану (орындаушылық кезең, ой тұжырымдамасы)
а) химиялық тренажер. Әр топқа химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны, реттік нөмірі, период, атом заряды(электрон, нейтрон, протон сандары), электрондардың жайғасуы, электрондық формуласы, жоғары оксидтің формуласы, ұшкыш сутектік қосылыс формуласын жазады.
ә) Постер қорғау.( Әр топтан 2 оқушы шығып, оқушылар өздерінің жазған мәліметтерін қорғайды).

4 - кезең. Білімді анализдеу. (Әр топқа виртуалды зертхана бойынша химиялық тәжірибелер көрсетіледі, оқушылар қандай реакция жүргенін анықтап реакция теңдеулерін жазады)

5 - кезең. Білімді жинақтау (шығармашылық кезең)
Ақылдының алты қалпағы. 3 топтан екі - екіден 6 оқушы 6 түрлі қалпақ киіп шығып, өз ойларын айтады.(бұл тапсырманы орындау үшін тапсырма оқушыларға алдын - ала беріледі)
1. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.
2. Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Идеяның жағымды жақтарын зерделеп, күш - жігерін оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайды.
3. Қара қалпақ – бұл «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.
4. Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.
5. Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.
6. Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.
6- кезең. Білімді бекіту.
Интервью - тест. Слайдта тест жазылған. Әр оқушыға жеке тест тарқатылып беріледі. Дұрыс жауабын белгілеп болған соң бір - бірімен ауыстырып, қателерін шығарып, бағалайды.
7-кезең. Бағалау. Топтағы топ басшысы топтың ішіндегі оқушыларды бағалайды) Мұғалім нақты бағалайды.
8- кезең. Үйге тапсырма: §16, қосымша мәліметтер элементтер жайлы.
Қорытынды: Егер де өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе - бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, қиындықтар туындай береді. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңіп, қабілетті болады.

Интервью тест.
1) Натрий атомының қанша энергетикалық деңгейі бар?
А. 2
В. 4
С. 3
Д. 1
Е. 5
2) Азот атомының сыртқы энергетикалық деңгейін толтыру үшін қанша электрон қерек?
А. 2
В. 4
С. 3
Д. 1
Е. 5
3) Қатар саны 16 және атомдық салмағы 32 болатын элемент атомында нейтрон саны қанша?
А. 8
В. 4
С. 12
Д. 16
Е. 32
4) Элементтердің периодты өзгеруіне не себеп болады?
А. Атом ядросындағы оң зарядтардың көбеюі.
В. Бастапқы электрондық құрылымының периодты қайталануы.
С. Атом радиусының азаюы.
Д. Электрон санының артуы.
Е. Энергетикалық қабатының біркелкілігі.
5) 20 нейтрон және 19 электроны бар элементтің атомдық салмағы қанша?
А. 20
В. 19
С. 26
Д. 40
Е. 39
Дұрыс жауаптар:
1) С.
2) С.
3) Д.
4) В.
5) Е.
Бағалау.
10 666
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін тереңдету
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Азот физикалық және химиялық қасиеттері
Азот физикалық және химиялық қасиеттері
Шымкент қаласы, №70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Асанова Асемкул Ужетовна
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Гульназ Чапетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×