Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

18 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: «Д. И. Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Атом құрылысы» тарауы бойынша қайталау сабағы. (слайд түрінде)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі, атом құрылысы, Д. И. Менделеевтің өмірі, периодтағы әр түрлі элементтердің сипаттамасы туралы білімдерін қорытып, бекіту.
2. Оқушылардың периодтық система жайлы, онда орналасқан элементтер жайлы білімдерін жетілдіре отырып, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар арқылы дамыту.
3. Периодтық жүйедегі химиялық элементтердің адам өмірінде, тіршілік әрекетінде, жұрмыс жағдайында қаншалықты терең әсері бар екенін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау, қорытындылау, сайыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептеу, логиклық ойлау, интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қосымша кестелер, түрлі - түсті жетондар.

Сабақтың кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу сәті.
2. Кезекшінің ақпары.
3. Қорытынды сабаққа дайындық.
4. Топқа бөлу.
II. Пысықтау, қайталау.
1. Химия әліппесі.
2. Кім жылдам?
3. Логикалық ойлау.
4. Мағнаны аш.
5. Химиялық диктант.
6. Химиктер қатарына қабылдау.
III. Қорытындылау.
1. Қорытынды.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушылардан химиялық элементтердің атом құрылысы неден тұратынын сұрау. Олар кезекпен: электрон, нейтрон, протон екенін айтады. Осыған сүйене отырып, оларды топқа бөлемін.
Оқушыларды топқа бөлу:
1 топ «Электрон»
2 топ «Протон»
3 топ «Нейтрон»

I - тапсырма: «Химия әліппесі»
Тақтаға Периодтық жүйенің кестесі ілінеді.
«Сан ғасыр жете алмаған байтақ арман,
Негізі бұл әлемнің шайқап алған.
63 элементті зерттеп біліп,
Кезінде Менделеев заң ғып жазған.»,- дей келе Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйеге сипаттама беру.

II - тапсырма: «Кім жылдам?»
Энергетикалық деңгейшелерге орналастырып, оның оксидін, қышқылын, тұзын берілген кестелерге жазу. Шашырап жатқан сандар мен таңбаларды жинақтап, дұрыстап тиісті орнына қою.
Лездемелік сұрақтарға интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұяшықтарға орналастыру.
1) Менделеев қай жылы өмірге келді? (1834)
2) Туған күні (8 ақпан)
3) Отбасында неше бала? (7 бала )

4) Петербургтегі педагогикалық институтты алтын
медальмен қай жылы бітірді? (1857)
5) Периодтық заң қай жылы ашылды? (1869)
6) Ол кезде неше элемент белгілі болды? (63)
7) Ол алдын ала қай элементтерді болжады? (21, 31, 32)
8) Қазіргі кезде неше элемент белгілі? (118)
9) Қайтыс болған жылы? (1907)
10) Қайтыс болған айы? (2ақпанда)
11) Ол кезде неше жаста еді? (73)
12) Менделеевтің құрметіне аталған элементтің нөмірі? (101)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 252
0
  • 80
4 дауыс


Жаңалықтар
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін тереңдету
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ химия пәнінің ІІ санатты мұғалімі Қуанбекова Ж. Ж.
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×