Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кальций және оның қосылыстары

11 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақ тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау (тест)
ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІV. Топқа бөлу
V. Бекіту сұрақтары
VІ. Қорытындылау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кальций жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Кальций элементін жан – жақты зерттеу арқылы оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: Кальций және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Көрнекілік: Слайдтар, электронды оқулық, периодтық кесте, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы

Жаңа сабақ
І топ
Кальцийдің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы
Табиғатта таралуы
Кальций табиғатта тек қосылыс түрінде көп таралған. Жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 – ші орында, массасы бойынша 3, 6%. Оның қосылыстарын кез келген жерден кездестіруге болады. Ол теңіз бен өзен суларында да кездеседі. Өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1 кг - ға дейін Са бар, ол сүйектің, тіс эмалінің, қанның құрамында да болады. Табиғатта ең көп тарлаған қосылыстарының бірі – СаСО3

Физикалық қасиеті
Күміс түстес, ақ, жеңіл металл. Тығыздығы 1, 54 г/см. Ауамен тез әрекеттесіп, тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жұқа ақ қабықшамен қапталады. Сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций – қатты металл, балқу температурасы 851С.

Химия пәні мұғалімі Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Кальций және оның қосылыстары слайд жүктеу
2 767
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.
Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.
Оқушыларға қазақ халқының ертеден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Калций және магний қосылыстары
Калций және магний қосылыстары
Химия пәнінен ашық сабақ
Темір және оның маңызды қосылыстары
Темір және оның маңызды қосылыстары
Атырау облысы, Атырау қаласы, №31 мектеп – гимназиясының химия пәні мұғалімі Мусагалиева Динара Даутқызы
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Г. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×