Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кальций және оның қосылыстары

09 желтоқсан 2018, Жексенбі
Категориясы: Химия
Химия 9 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Мақсаты: Кальций және оның қосылыстарымен танысу.
1. Периодтық жүйедегі орны бойынша сілтілік жер металы кальцийге сипаттама беру.
2. Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
3. Кальцийдің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу, химиялық тілде сөйлеу. Есептерді өз бетінше құрастырып шығару.
Күтілетін нәтиже: Сілтілік жер металы кальцийге периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады, олардың қосылыстарының генетикалық қатарын анықтайды. Табиғи қорларын біледі, қолданылу аясын түсіндіре алады. Кальций және оның физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызын ажырата біледі.
Әдіс – тәсілдер: Ой түрткі «Бинго», Танымдық ойын «Құрастыр, одан кейін жауап бер», Топтық жұмыс «Ассоциация», Эксперименттік бөлім «Химик зертханада», «Ойлан, жұптас, бөліс».
Құрал жабдықтар:
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.
«Периодтық жүйе»кестесі, үлестірмелі материалдар, тірек сызбалар.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды химиялық формулалар бойынша үш топқа бөлдім.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Ой түрткі «Бинго». Өтілген тақырыптарды қайталауда оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды.
2. «Танымдық ойын» «Құрастыр, одан кейін жауап бер»
Қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан баспанасы киіз үйдің қаңқасына металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеп жинақтау.
Жаңа сабақ
«Мен кіммін?» Оқушыларға элементті жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Электронды оқулық бойынша «Кальций және оның қосылыстарына» сипаттама беріледі.
«Ассоциация» әдісі бойынша оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Са тобына: Кальцийдің физикалық қасиеттері. Кальций қосылыстарына ассоциация құру. СаО тобына: Кальций және оның қосылыстарының химиялық қасиеттеріне ассоциация құру. СаСО3 тобына: Кальций тіршілік элементі.
Мұғалімі: Қойшыбаева А.
2 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.
Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.
Оқушыларға қазақ халқының ертеден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.
Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, таным
Алюминий
Алюминий
Алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, алюминий ионын анықтау туралы білім беру.
Кальций қосылыстары. Судың кермектігі
Кальций қосылыстары. Судың кермектігі
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Химия пәні мұғалімі: Әбдиева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×