Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым мәтіндік редактор WordPad –та жұмыс істеу

17 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы. Қарапайым мәтіндік редактор WordPad – та жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Қазақтың танымал ақындарының өмірлеріне шолу жасап, әдебиет бойынша білімдерін толықтыру.
Білімділік. WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру Құжаттың құрылымы, стильі, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларды өз ісіне деген жауапкершілікке баулу, тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Қазақ халқының танымал ақындарының өмірлерін, шығармаларын оқу.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылығын, ойлау қабілеттін, логикалық - абстракциясын дамыту
Сабақтың түрі. Кіріктірілген сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар. Компьтер, слайдтар, суреттер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы.
1. Оқушылардың ұйымдастыру.
Амансыңдар ма оқушылар. Бүгінгі біздің сабағымыздың өту барысында өзіміз білетін ақындарымыздың шығармаларын қайталай кетеміз. Өмірлеріне шолу жүргіземіз.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Слайд арқылы фотадағы ақынды тауып, сол ақынның сұрағына жауап беру.

Ыбырай Алтынсарин:
• Сұрақ: Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
Мұхтар Шаханов.
• Сұрақ: Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
Шәкәрім Құдайбердіұлы
• Сұрақ: Paint графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
Сәкен Сейфуллин.
• Сұрақ: Түстер палитрасының қызметі қандай?
Шәмші Қалдаяқов.
• Сұрақ: Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?
Ілияс Жансүгіров.
• Сұрақ: Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?
Бейімбет Майлин.
• Сұрақ: Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа түсініктер.
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS - ОЖ - да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.
Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.
Пуск => Программы =>Стандартные =>WordPad( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты =>WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал - саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Практикалық жұмыс. 1 - слайд

Абай Құнанбаевтың
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз» Осы мәтінді теру керек.
Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін оқыту.
2 - слайд.
Мұқағали Мақатаевтың
Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!»
1 - 2 оқушыға Мұқағалидың өлеңдерін оқыту.
3 - слайд
Фариза Оңғарсынованың «Туған ауыл»
Мен туған ауыл – Ай мекен,
Еске алмай жүрер күнім кем.
Баяғы достар қайда екен,
Бірге ойнап бірге жүгірген?

Сабақты бекіту сұрақтары:
• WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?
• WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
• WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу. Қазақтың ақындарының өлеңдерін үнемі оқып содан өзіңе тәрбие ала білу.
5 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×