Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

12 мам 2012, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.
 Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
 Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
 Интерактивті тақта,WordPad редакторы, карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырылуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақ-жауап арқылы
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішіннен басқа пішінге өзгерту үшін пайдаланылады.

WordPad мәтіндік редакторы.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бір - біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WordPad бағдарламасын іске қосу.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad . Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.


WordPad-та құжат құру.
WordPad-та құжат құру үшін , төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
1. Қаріп және оны өлшемін таңдау.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау.
3. Мәтінді пішімдеу.
4. құжатты сақтау және ашу.
5. баспаға шығару.
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.

есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.
Қаріп түрлерін құрал - саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз. Қаріпті, Өлшемді, Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат-Шрифт (Формат-Қаріп) командасын орындаймыз.

2.Мәтінді енгізу мен редакциялау. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады. Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter- жаңа жолға көшу
Shift-бас әріптерді теру.
CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу
Backspace - меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру.
3.Мәтінді пішімдеу. Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К- курсив, Ч- асты сызылған. Кәдімгі пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам орындалады.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат-Абзац командасы арқылы да орындауға болады.

1. Құжатты сақтау және ашу. WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін: Файл- Cохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады.
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл –Открыть командасын орындаймыз.
Жаңа құжатты құру үшін: Файл- Создать командасын орындаймыз.
2. Құжаттарды басу: құжатты құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжатты баспаға беру әрекеттері:
1) Файл- Предварительный просмотр (алдын-ала қарап шығу);
2) Файл – Печать.

Тапсырмалар:

1-тапсырма: WordPad мәтіндік редакторын іске қосу тізбегін көрсет.
2- тапсырма: WordPad мәтіндік редакторы.арналған.
3- тапсырма: WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктері қандай?
4 - тапсырма: Информатикалық диктант.
Сабақты бекіту сұрақтары:
- WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
- WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
- WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңдар.
- WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңдар.
- Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
- Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау.
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
21 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.
WordPad қолданбасымен танысу
WordPad қолданбасымен танысу
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова
Қарапайым мәтіндік редактор WordPad –та жұмыс істеу
Қарапайым мәтіндік редактор WordPad –та жұмыс істеу
Информатика пәні мұғалімі: Назым Узбекова Сапаровна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×