Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика және біз

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: «Информатика және біз» атты сайыс
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютерде ақпарат жаңалықтарын пайдалана отырып, информатикалық білімдерін, ой-өрісін танымдық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Ұжымшылдық, іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, интеллектісін дамыту.
Тәрбиелік: Бір мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған «Информатика және біз» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Н. А. Рубакиннің «Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.
2 - жүргізуші:
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салыңыздар ортамызға,
Ал қанекей шығыңыздар сайысуға.
1 - жүргізуші:
Әлемді елестетіп көзімізге
Әрлендіріп бал қосайық сөзімізге
Турасын шешіп, тауып айтар
Әділқазыларды шақырайық төрімізге!
2 - жүргізуші: Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
1 - жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан табылады,
Нақты білім терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
2 - жүргізуші:
Информатика сырлары,
Қызықтырды біздерді
Ойынға қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - деп, ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.

I - тур: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)
1 - жүргізуші:
Мейірімді жүрекпен
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
2 - жүргізуші:
Демеймін заман сөздері,
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді,- дей келе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» сайысына береміз.(екі топ өздерінің таныстыруларын айтады)

II - тур. «Кім жүйрік» (сұрақтар)
2 - жүргізуші: Кезекті сайыста біздің сайыскерлеріміз сұрақтарға қалай жауап береді екен, сұрақ қойып сынап көрейік. Алдарыңызда «Ғажайып алаңы»:

III тур. «Кім алғыр» (тапсырмалар орындау )
1 - жүргізуші:
Сайыскерлеріміз қазір компьютердегі қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып тапсырма орындайды. Тапсырманы қай топ жылдам әрі сапалы орындайды екен. Топтағы барлық адам қатысуға тиіс.
1 - тапсырма: (3 мин уақыт)
2 - тапсырма: (3 мин уақыт)
2 - жүргізуші: Біздің сайыскерлеріміз тапсырмасын орындап болғанша көрермендермен ойын ойнайық. Қане кім жылдам жауап береді екен.(слайд)

IV - тур. «Кім епті» (сәйкестікті табу)
2 - жүргізуші: Енді «Кім епті» сайысына да кезек келді. Сайыскерлеріміздің ептілігін сынап көрейік. Сәйкестікке берілетін сұрақтар, мұнда әр сұрақтарға сәйкес дұрыс жауаптарын табу керек.

V - тур. «Қимылдар сөйлейді»
1 - жүргізуші: Екі топ бір – біріне информатикаға байланысты сұрақтарын қимыл арқылы көрсетеді. Екінші топ соны тауып айтады.
VI - тур. Капитандар сайысы

2 - жүргізуші:
Ең қиыны жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді - деп, келесі кезеңіміз топ басшылар сайысы. Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Алдарыңыздағы әріптері ауысып кеткен терминдерді жылдам тауып, қалпына келтіріп жазу керек.
2 597
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Информатика жұлдыздары
Информатика жұлдыздары
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру
Физика беттерінен үзінді (сайыс сабақ)
Физика беттерінен үзінді (сайыс сабақ)
ШҚО, Бесқарағай ауданы «Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мекемесінің физика пәнінің мұғалімі: Құдабаева Әлия Нәбиғалиқызы
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Достық аралы (14 ақпан күніне арналған шара)
Достық аралы (14 ақпан күніне арналған шара)
ІІ санатты информатика-математика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×