Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану

24 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Қазіргі кездегі оқыту үрдісі жаңа әдіс - тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс - тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Ұстаз бола отырып, мен де өз тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын іздестірудемін. Оқушылар өз пікір - көзқарастарын еркін түрде білдірсе, тек білдіріп қана қоймай, сонымен қатар өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде іске асыра алатын жеке тұлға болып қалыптаса алса, сонда мұғалім мақсатының жүзеге асқаны.
Қазақ халқында жеті санын қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болып табылады. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдері – жеті модульді іс - тәжірибемде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізіп отырмын. Бірақта, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр әдіс - тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар.
Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Информатика сабағында бұл бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтарын көруге болады.
Бағдарламаның негізгі факторларға тоқталар болсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін - өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере, нені игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады.
Егер де оқушы жаттап алатын болса, онда ол емтихан немесе сабақ аяқталған соң ұмытып қалады. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттігін түсінуі қажет. Олар өздерінің алдыңа мақсат қойып, өз ойларын еркін айта білуі қажет. Оқушылар өз ойларын айта алады, пікірлесе отырып, оқуды түсінеді. Осы мақсатта біз өз оқу жүйемізді енгізуіміз қажет. Алда тұрған жұмысты жоспарлау мен мақсат қоя білу арқылы, оқушыларды ынталандырамыз және де оқушылардың барлығын, белсенді ете аламыз. Оқытуда бірінші баланың өзін - өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет. Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін - бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белсенділігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады.
Бағдарламаның жеті модульдеріне қысқаша тоқталсам, сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін білеміз. Ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді. Сын тұрғысынан ойлауға дамыту модулінде мен келесідей: «Қос жазба күнделігі», «Fishbone», «Автор орындығы», «Блум түймедағы», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Жіңішке - жуан сұрақтар», «Білемін. Білдім. Білгім келеді», «Венн диаграммасы», «Ашық хат» және т. б. әдіс - тәсілдерді қолдандым.
Оқудағы жаңа тәсілдер модулін топтық, жұптық жұмыс арқылы іске асырылады. Яғни, оқушылар арасында өзара диалог орнату арқылы білім беру деп түсінемін. Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Диалогтік оқыту тек қана информатика саласында емес барлық пәндер үшін тиімді оқыту түрі болып табылады. Әсіресе тіл дамыту кезінде немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Өз пәніме қатысты айта кетер болсам, бізде көбінесе теориямен практиканы ұштастырып оқытамыз. Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Яғни бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды.
Бұл таңда «Тыңдап отырған үштік», «Жұптық әңгіме», «Қар үйіндісі», «Әңгіме - дебат» сияқты әдіс - тәсілдерді пайдалану тиімді.
Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс - тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. АКТ - ны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз информатика сабағында теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір - бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ - ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. АКТ - ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға көмектеседі. Сабағымда АКТ - ны қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ - мен байланысты. Сабақта АКТ - ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған. АКТ - ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ - ның қосар үлесі мол.
Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет. Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданылады. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін - өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін - өзі, бірін - бірі бағалауды үйренеді. Әр сабақта оқушыларды өзін - өзі, бірін - бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін - өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Бағалау оқушылардың өзі - өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс жасауын бақылау болып табылатындықтан оқушы өзінің ойлауын, түсінуін, тәртібін қадағалап отыруды үйренеді, дағды қалыптасады.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - балалардың қабілеттері мен таланттарын жан - жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Бір қарағанда, балалардың барлығы біркелкі болып көрінеді. Дарынды оқушының дарындылығын айқындау үшін баланы ұзақ зерттеу қажет. Дарындылықты зерттеген Дж. Рензуллидің пікірінше, дарындылық адамға мінез - құлықтың үш негізгі "кластерінің" өзара байланысы арқылы беріледі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз.
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Оқытуда кембридж тәсілін қолдану
Оқытуда кембридж тәсілін қолдану
Жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болатын білім берудегі жаңа формат тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған жеті модульден құралған бағдарламаның оқу мен тәрбиеде алатын орны ерекше.
Білім берудегі құзырлылық
Білім берудегі құзырлылық
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Инновациялық технологиялар – сапалы білім кепілі
Инновациялық технологиялар – сапалы білім кепілі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тулеубаева Нағимаш Сайлаухановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×