Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды

12 желтоқсан 2024, Бейсенбі
Категориясы: Қоғам
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
11 желтоқсан 2024 жыл, Алматы – Nestlé компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы («Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасының бөлігі) аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды фотобайқау басталды. Бұл оқушылар мен олардың отбасылары үшін денсаулықтарына қалай күтім жасайтынындары туралы бөлісуге тамаша мүмкіндік. Байқау қазақстандық отбасыларды салауатты өмір салтын ұстанатын нағыз белсенділер болуға шабыттандыруға, денсаулықты сақтауды бүкіл отбасы үшін қызықты іс-әрекетке айналдыруға арналған.
Төрт тақырыптық кезеңге бөлінген байқау 2024 жылдың желтоқсанында басталып, 2025 жылдың сәуіріне дейін жалғасады:
1-кезең: «Анам, әкем, мен – аспаз отбасы» (желтоқсан 2024 ж.). Қатысушылар фотосуреттерді өздерінің аспаздық хоббилері мен тағамға қатысты отбасылық дәстүрлері туралы айту үшін пайдаланады.
2-кезең «Қыс ертегісі» (2024 ж. қаңтар). Қыс - жаттығуға тамаша уақыт! Егер маған сенбесеңіз... Біздің қатысушылар мұны сізге дәлелдеп береді!
3 кезең «Менің отбасымның спорттық қалаулары» (2025 ж. ақпан). Футбол, гимнастика, баскетбол. Қатысушылардың отбасында тағы қандай спорттық қалау бар?
4-кезең «Табиғатты аялау» (сәуір 2025 ж.). Денсаулыққа қамқорлық = қоршаған ортаға қамқорлық. Біздің қатысушылар сіздерге отбасылық эко-дәстүрлер туралы айтып береді.
Байқауға Қазақстандық барлық мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары қатыса алады. Байқау жобаның prav-pit.kz сайтында өткізіледі. Әр кезең бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік жұмыстарға сыйлықтар табысталып, жобаның ресми арналарында орналастырылады.

«Дұрыс тамақтану – жай ғана теңдестірілген тамақтану емес, ол балаларымыздың болашағын айқындайтын өмір салтының негізі. Аталмыш байқау оқушыларға және олардың отбасыларына шығармашылық процесте бас қоса отырып, өздерінің әдеттерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Біз мұндай бастамаларға қатысу – денсаулықты жақсартуға әсер етіп қана қоймай, бірлескен жетістіктер мен іс-шаралардан отбасылардың өміріне қуанышты сәттер сыйлайтынына сенімдіміз», - деп атап өтті, Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Ежова. 
«Біз Nestlé компаниясында өнімдер өмір сапасын жақсарта алады, ал шығармашылық адамдарды оң өзгерістерге шабыттандыруға көмектеседі дегенге нық сенеміз. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» байқауы – бұл жай ғана байқау емес, оқушылар мен олардың отбасыларына дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салты олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналғанын фотосурет арқылы көрсету мүмкіндігі деп түсінуге болады. Біз балалар мен ата-аналардың бұл тақырыптарға ынтамен қарайтынын, дұрыс тамақтанудың табысты есеюге және денсаулықты нығайтудың маңыздылығын мойындағанын көреміз. Әріптестерімізбен, ұстаздарымызбен және отбасымызбен бірге біз жаңа ұрпақтың арасында дұрыс тамақтану мен денсаулыққа деген саналы көзқарасты қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті «Nestlé Food Kazakhstan» ЖШС бас директоры Максим Щетин.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскері Роза Шаяханова былай деп қосты: «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» байқауы Қазақстандағы отбасылар үшін өзін-өзі көрсетуге және басқаларды шабыттандыруға тамаша мүмкіндік. Оған қатысу сіздің әдеттеріңіз бен дәстүрлеріңізбен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар отбасылық құндылықтарыңызды өзгелерге паш етуге ықпал етеді. Бұл бастамаларда балалардың өз денсаулығына қамқорлық жасауды ғана емес, сонымен қатар отбасылық әдеттердің қоғам мен табиғатқа қалай әсер ететінін түсінуді үйренуі өте маңызды. Бұл көзқарас бізді қауымдастық ретінде нығайтады және оң өзгерістерге шабыттандырады».
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқау бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған отбасыларды өмір салтына оң өзгерістер енгізуге шабыттандыратын жарқын оқиға болады.
Қосымша ақпарат пен байқау ережелері prav-pit.kz сайтында жарияланған.
БАҚ үшін байланыс көзі:
Надежда Лабодовская,
Nestlé Еуразия аймағындағы корпоративтік 
мәселелер және коммуникациялар менеджері 
тел:      +7 701788 4532
e-mail:  Media.relations.Eurasia@nestle.com
12
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері
Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері
Халық денсаулығын нығайту Қазақстандағы мемлекеттік деңгейдегі ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Қазақстанда аудандық және облыстық олимпиадалар басталды: алғаш рет электронды форматта өтеді
Қазақстанда аудандық және облыстық олимпиадалар басталды: алғаш рет электронды форматта өтеді
Биыл зияткерлік жарыстар алғаш рет электронды форматта өтіп жатыр. Жаңашылдық олимпиадалардың өтуінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оған 291 ауданнан (қаладан) шамамен 100 мың оқушы қатысады.
2023 - 2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады
2023 - 2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады
ҚР Оқу - ағарту министрлігі апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептердің мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2023 - 2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.