Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқытуда кембридж тәсілін қолдану

17 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқытуда кембридж тәсілін қолдану

Қазіргі уақытта оқыту үрдісі жаңа әдіс – тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өзінің іс – тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілеспес үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастыра жүріп ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (базалық) деңгей ( білім берудегі Кембридж тәсілі ) Бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өттім.

Жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болатын білім берудегі жаңа формат тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған жеті модульден құралған бағдарламаның оқу мен тәрбиеде алатын орны ерекше. Әлемдік тәжірибеге негізделе отырып жасақталған бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін өзіндік дәлелін нанымды жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы қалыптастыруды мақсат етеді.

Бұл бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мүндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

Мен үшін осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің алатын ерекше болды. Бұл модульдердің кейбірін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік мағынасын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.

Негізінен, өздеріне сыныпта оқушы ретінде қарайтын мұғалімдер өз оқушыларын дамытуда көбіне табыстарға қол жеткізеді, өйткені олардың өзі оқиды. Олардың жаңа идеяларды немесе жұмыстың жаңа жолдарын зерттеу бойынша өз ізденісі туралы ойлану нәтижесінде қол жеткізетін тәжірибесі олардың жеке практикасына ықпал етеді. Сонымен, егер біз дамытқыз келген жаңа тәсілдерді зерттесек, өзіміздің де оқып жатқанымыз туралы ұмытпағанымыз жөн.
Нәтижесінде өзіміз де, оқушыларымызда да, сабақ үрдісімізді де үлкен өзгеріс болып жатқанын байқаймыз. Осындай жеті модульді енгізе отырып 11 - сыныпта "Алғашқы функция және интегралдау" тақырыбында өткізген қорытындылау сабағымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.

Оқытуда кембридж тәсілін қолдану. жүктеу
3 888
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің педагогикалық мамандығым
Менің педагогикалық мамандығым
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе.
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж тәсілімен оқыту
Кембридж тәсілімен оқыту
Бұл бағдарлама орыс мектебіндегі 9 - сыныптарға арналған. Қазақ тілін тиімді үйретудің таптырмас бір құралы деп ойлаймын.
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші»
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Мукажанова Камила Шакеновна «Георгиевка орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті №9 балабақша - мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×