Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Nestlé компаниясы METRO халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады

09 қаңтар 2025, Бейсенбі
Категориясы: Қоғам
15 қаңтарда Қазақстандағы Nestlé компаниясы METRO Cash & Carry халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады. Іс-шара METRO көтерме дүкенінде (Сайна к., 16Г) Қазақстандағы «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан «Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасы аясында өтеді.
Экскурсия барысында балалар мұғаліммен бірге сауда алаңын аралап, дүкеннің қалай жұмыс істейтінімен танысады, қаптаманы оқуды және пайдалы өнімдерді таңдауды үйренеді. Шараның мақсаты – жас қатысушыларды саналы тұтыну негіздерімен таныстыру және салауатты өмір салтына алғашқы қадам жасауға көмектесу.
Қазақстан мектептерінде «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді және осы уақыт ішінде 250 мыңнан астам бала білім алды. Дүкендегі экскурсия Nestlé for Healthier Kids компаниясының 2030 жылға қарай әлем бойынша 50 миллион балаға салауатты өмір сүруге көмектесу жөніндегі жаһандық бастамасының тағы бір қадамы болып табылады. Болашақта компания балалар мен олардың отбасыларына дұрыс тамақтану туралы білімдерін жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, бағдарламаны кеңейтіп, Қазақстан аймақтарын қамтуды жоспарлап отыр.
Сіз бағдарлама мен жоба туралы мәліметтерді арнайы баспасөз брифингінде біле аласыз және оқушылармен өзара әрекеттесу процесін нақты көріп, экскурсияға қосыла аласыз. 
Күні: 15 қаңтар, 2025 жыл
Уақыты: 10:00
Мекен-жайы: METRO көтерме дүкені, Саин көшесі 16г, (Алматы қ.)
Баспасөз брифингіне қатысатын спикерлер:
  • Хачат Мархиева, Қазақстандағы METRO бас директоры
  • Максим Щетин, Nestlé компаниясының Еуразиядағы басшысы
  • Татьяна Ежова, Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» бөлімінің басшысы
  • Александра Макеева, Еуразиядағы Nestlé білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Іс-шара бағдарламасы:
10:00-10:20 Спикерлердің сөз сөйлеуі
10:20-10:40 Сұрақ-жауап сессиясы
10:40-11:40 Оқушыларға арналған экскурсия
Сізді көруге қуаныштымыз!
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы
«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы жаһандық «Nestlé for Healthier Kids» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай әлем бойынша 50 миллион балаға салауатты өмір сүруге көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» елорда мен Алматы мектептерінде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал 2023 жылдан бастап географиясын Қазақстанның басқа қалаларына кеңейтуде. Бағдарлама 6-8 жас аралығындағы балаларға бағытталған және мұғалімдер жүргізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Бүгінгі күні Қазақстанда «Дұрыс тамақтану мектебімен» барлығы 250 мыңнан астам бала танысты.
Аккредиттеу және қосымша ақпарат үшін байланыс:
Айым Нүсіп
тел.: +7 707709 0052
Электрондық пошта: aiym.nussip@pbnca.kz
25
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Nestlé в Казахстане совместно с международной оптовой сетью METRO организуют образовательный мастер-класс для учеников
Nestlé в Казахстане совместно с международной оптовой сетью METRO организуют образовательный мастер-класс для учеников
15 января Nestlé в Казахстане совместно с международной оптовой сетью METRO Cash & Carry организуют образовательный мастер-класс для учеников вторых классов в Алматы.
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
11 желтоқсан 2024 жыл , Алматы – Nestlé компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы («Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасының бөлігі) аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды
Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері
Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері
Халық денсаулығын нығайту Қазақстандағы мемлекеттік деңгейдегі ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.