Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

25 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 5 сынып

Сабақтың аты Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
Сілтеме: жоспар
Жалпы мақсаты: Дербес компьютер туралы білу.
Негізгі құрылғылар міндеттерін түсіну.
Құрылғылар мүмкіндіктерін қолдану.
Күтілетін нәтиже: Дербес компьютер туралы білетін болады;
Негізгі құрылғылар міндеттерін түсінетін болады;
Құрылғылар мүмкіндіктерін қолданатын болады.
Негізгі идеялар: Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал – компьютер. Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан.
Тапсырмалар: Ұжымдық жұмыс (Ой қозғау)
Тапсырмалар: Топтық жұмыс (Топтастыру)
Тапсырмалар: Жұптық жұмыс (Адасқан әріптер)
Тапсырмалар: Жеке жұмыс (Эссе жазу)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут)
2. Топқа бөлу (Компьютердің негізгі құрылғыларының сурет қиындыларын құрастырады / монитор, пернетақта/ бойынша 2 топқа бөлінеді, 2 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (2 минут)
Сұрақ: - Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
- Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Адам не арқылы немесе қалай еңбектенеді?
- Адам барлық ақпаратты қайда сақтайды?
- Адамның бет - бейнесін қалай көруге болады?
- Адам мен компьютерде қандай ұқсастықтар бар деп ойлайсыңдар? (сыни ойлау)
(Оқушылар сұрақтары мадақтау, қошеметтеу арқылы формативті бағаланады)

ІІІ. Қызығушылықты ояту. (5 минут)
Жаңа сабақты меңгерту кезінде балалардың қызығушылығы жоғары, белсенді, әрі тақырыпты түсіну жеңіл болу үшін аудиожазба (АКТ) тыңдатамын.
«Баяғыда процессор шал мен монитор кемпір болыпты. Олардың жалғыз баласы пернетақта болады. Баласы үйленетін жар іздейді. Бірақ жер шарын іздестірсе де, таба алмайды. Бір күні шаршап келе жатса, алдынан программист шал шығады. Сен іздегеніңді 3 үш күн, 3 түн жүрсең, алдыңнан бір үлкен тау шығады, сонда үлкен мысық тұтқынға алып отыр дейді. Егер құтқарсаң, сол сенің жарың болуға лайықты деп жол көрсетеді. Пернетақта бар күшін бойына жинап келіп, жолға шығады. Барса, үлкен мысық пырылдап ұйықтап жатыр екен. Қалай құтқарамын, кімді құтқарамын деп ойлайды. Сөйтіп, мысыққа егер қарның үнемі тойсын десең, интернетті ал деп сыйлыққа беріп, құтқарып алады. Сөйтсе, айдай сұлу маус екен. Сол күннен бастап маус пернетақтаға жақсы жұп болған екен».
Оқушылар аудиожазбадағы ертегіні мұқият тыңдап, ертегінің не туралы болып жатқанын түсінуге тырысады, қай құрылғы жөнінде болып тұрғанын талқыға салады.

ІV. Топтық жұмыс «Топтастыру» (20 минут)
1 - топ: 1 - тақырыпша;
2 - топ: 2 - тақырыпша.
Тақырыпты оқу. (5 минут)
Жұпта, топта талқылап, постерге түсіру. (7 минут)
Постер қорғалады. Әр топқа 2, 5 минуттан (5 минут)
Қарама - қарсы топтар бір - бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалайды. (3 минут)

V. Жұптық жұмыс «Адасқан әріптер» (5 минут)
Жасаған жұмыстарын жұптар «смайлик» арқылы формативті бағалайды. (1 минут)
1. ІКБЛЖҮЛОКЙЕ – ЖҮЙЕЛІК БЛОК
2. ШАНТЫҚ – ТЫШҚАН
3. ОРНИМОТ – МОНИТОР
4. ПЕРТҚАНЕТА – ПЕРНЕТАҚТА
5. НТИПРЕР – ПРИНТЕР

VІ. Кері байланыс. Стикерге жазып, плакатқа жапсырады. (сұрақ, не үйрендім, не қиын болды.) (2 минут)
Кейінгі тапсырмалар «Компьютердің пайдасы мен зияны» туралы эссе жазу
Кейінгі оқу Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
6 007
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылғыларымен танысады, алған білімдерін тапсырма орындау барысында қолданады. Шығармашылық қасиеттерін арттырады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.
Дербес компьютердің құрылысы
Дербес компьютердің құрылысы
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Балтамуратов Ардақ Жұмағалиұлы
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Садвакасова Зульфия Мадениетовна
Компьютердің негізгі құрылғыларының                                                       міндеттері және мүмкіндіктері
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Түркістан қаласы, М Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Байжанова Индира
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×