Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дербес компьютердің құрылысы

26 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Есептеуіш техниканың даму барысында қазіргі заман талабына сай дербес компьютердің құрылғыларын терең түсіндіру.
2. Дамытушылық: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушылардың сауаттылықтарын, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Тәрбиеленген жеке тұлғаның бойына алған білімін, тәрбиесін қоғамда дұрыс пайдалана білуге үйрету және ой - өрісін дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте, оқулық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, кітап, дәптер, қаламдарын алуын қадағалап, сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Тест арқылы:
1. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. олар қалай есептеулер жүргізді?
2. Ең ерте замаңғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы....... болып табылады.
3. ЭЕМ - ні бірінші буының (1945 - 1955) қалай жұмыс жасады?
4. ЭЕМ - ні төртінші буыны қай жылы шықты.

ІІІ. Жаңа сабақ
Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ - нің даму тарихын қысқаша қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес компьтерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір - ақ адам жұмыс істеуге арналған.
Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар.
Кез - келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Негізгі құрылғылары: Жүйелік блок, монитор, пернетақта, маустан тұрады. Қосымша құрылғыларына: баспа құрылғысы (принтер), сканер, модем, колонкалар, терте (джойстик) т. б. жатады.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша (аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт - диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл - жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды. Компьютердің кез - келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады.
Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микро процессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор (Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді.

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.
Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылығы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады.
Жедел (оперативті) жадтайтын құрылығы ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ - дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің конфигурациясы
Компьютердің конфигурациясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 9. 1. 1. 1. мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Дербес компьютердің түрлері мен негізгі құрылымдарын білу. Оқушылардың басым бөлігі: Дербес
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Информатика пәні мұғалімі Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің программалық жабдықталуы
Тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықталуы
ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары
ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәні мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А.К
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәні мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×